rebranding

ДАЛА СЫРЫ ЖӘНЕ КЛАССИКА ҚҰДІРЕТІ

Үлкен зал

ДАЛА СЫРЫ ЖӘНЕ КЛАССИКА ҚҰДІРЕТІ

2016 жылы 27 қарашада «Астана Опера» театрының Үлкен залында Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты Жәния Әубәкірова (фортепиано) және «Астана Опера» симфониялық оркестрінің қатысуымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған симфониялық музыка концерті өткізіледі.

Дирижер – халықаралық байқаулардың лауреаты Дориан Уилсон (АҚШ).

Жәния ӘУБӘКІРОВА – белгілі қазақстандық пианист. Оның жеке концерттері Қазақстан, Франция, Англия, Германия, Жапония, Ресей, Польша, Италия, АҚШ, Израиль, Грекия, Венгрия елдерінде өткізілді. Ол Salle Pleyel, Salle Gaveau, Barbican Hall, Wigmore Hall, Vigoda Hall, Seoul's Arts Center, Konzerthausе, The Kennedy Centre, Carnegie Hall, Мәскеу консерваториясы мен Санкт-Петербург филармониясының Үлкен залдары, Мариин театрының Концерт залы, Мәскеу халықаралық Музыка үйі сияқты беделді залдарда өнер көрсетті.

Ол Марта Аргерих, Валерий Гергиев, Михаил Плетнев, Александр Сладковский, Давид Герингас, Александр Ведерников, Денис Шаповалов, Марат Бисенғалиев, Александр Тростянский, Кристоф Мангу, «Danel» квартеті, Мариин театрының Симфониялық оркестрі, Ресей ұлттық оркестрі, Француз радиосының Симфониялық оркестрі, Үндістанның Симфониялық оркестрі сияқты белгілі музыканттар әрі ұжымдармен ынтымақтас болды.

Жәния Әубәкірованың көптеген марапаттарының арасында – Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы, ҚР Мемлекеттік сыйлығы, Тәуелсіз «Платина Тарлан» сыйлығының лауреаты; Францияның Өнер және әдебиет Орденінің, Ұлы Екатеринаның ІІ дәрежелі «Қазақстан мен Ресей арасындағы достықты нығайтқаны үшін» және «Польша Республикасының мәдениеті алдындағы жетістіктері үшін», Польша Республикасы Президентінің «Жетістіктің Алтын кресті» ордендерінің кавалері, Еуропалық өнер бірлестігі сыйлығының иегері.

Дориан УИЛСОН – ірі халықаралық дирижерлер байқауларының лауреаты, соның ішінде Копенгагенде Николай Мальконың байқауы және Италияда Артуро Тосканини, Антонио Педротти, Амстердамда Кирилл Кондрашин, Хельсинкиде Ян Сибелиус, Афинада Димитрий Митропулос атындағы бауқаулар бар. Ол Еуропа, Америка және Шығыс елдерінің көптеген белгілі оркестрлеріне дирижерлік етті, олардың ішінде Франция Ұлттық оркестрі, Токио және Берн симфониялық оркестрлері, Сеул, Хельсинки, Мәскеу, Санкт-Петербург филармониялық оркестрлері бар.

Ол М. Ростропович, Йо-Йо Ма, Т. Цетмайр, Н. Имаи, Б. Дуглас, Б. Березовский, Ш. Черкасский сияқты белгілі музыканттмен бірге өнер көрсетті. Опералық дирижер ретінде Германияда Vorpommern театрын басқарды, Берлиндегі Неміс және Комик операларында, Швецияның Патшалық операсында, Бордо Үлкен театрында жұмыс істеді.

БАҒДАРЛАМА

Тілес Қажығалиев

«Дала аңызы» балетінен сюита

Сергей Рахманинов

Паганини тақырыбына рапсодия, ля минор, op.43

Сергей Прокофьев

«Ромео мен Джульетта» балетінен соңғы көрініс

Петр Чайковский

«Ромео мен Джульетта» увертюра-фантазиясы

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут, бір үзіліспен