Тосын сый (Зазеркалье театры)

Нағыз достар туралы қойылым кішкентай көрермендерімізді шынайы дос болу қандай болатынын көрсетіп, үйретпек. Нағыз дос деген кім екен? Ал тосын сый дегеніміз не? Кішкентай Ұлумен дос болу үшін кішкентай Жолбарыс бәріне дайын. Оның жылу мен кешірімділікке толы кеңпейілді жүрегі Қолтырауын мен кішкентай Маймылды да бір қуантты. Жолбарыстың арқасында ушыққан дау шынайы достыққа ұласады. Міне, достар, ТОСЫН СЫЙ деген дәл осы бағалы дүние.