97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

Спектакль «Таңсұлу». Казахстан, Алматы

Спектакль «Таңсұлу»Первый театр страны – Казахский Государственный академический театр драмы имени М. Ауэзова в рамках ІІ Всемирного театрального фестиваля представит спектакль «Таңсұлу». по пьесе известного философа, писателя Гарифоллы Есима.

«Таңсұлу» – глубокое произведение с сильным созидающим началом. Для современной казахстанской драматургии это редкое явление.

«Если хочешь сохранить честь народа – начни с колыбели!» - гласит казахская мудрость. Казахи всегда придерживались принципов традиционного воспитания девушек.

            Испокон  веков судьбу красивой девушки Таңсұлу, обрученную со своим любимым, могли повторить  казахские девушки. Свою неземную красоту, ставшей причиной всех бед, Тансулу добровольно приносит в жертву. Сохранив ребенка от любимого, она остается  верной своей любви. Пройдя через все испытания и тяготы судьбы она воспитала своего ребенка, как истинного сына казахского народа. Своей жизнью она подтверждает неписаные степные законы – честь, достоинство и благородство.

Ее пронзительная, не растраченная нежность и щемящая тоска по Жойкыну и родному аулу не оставляют зрителя равнодушным.

Сопереживания по поводу несчастной судьбы Таңсұлу, живущей среди чужаков и испытывающей столько горя, объединяют зрителей. Эмоции захлестывают героев: нежность сменяется агрессией, любовь – ненавистью. Жесткое и бескомпромиссное повествование о жизни главной героини, не знающей полутонов, в спектакле принимает масштаб подлинной драмы.

____________________________________________

92 жылдық тарихы бар М.О.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театры – еліміздің алғашқы театры. 1926 жылы Қызылордада негізі қаланған театр алғаш «Еңлік-Кебек», «Алтын сақина» қойылымдарын сахналады. Ал биыл өткізіліп жатқан II Дүниежүзілік «Астана» театр фестиваліне Ғарифолла Есімнің «Таңсұлу» қойылымын тарту етпек. Қойылымның режиссері – А.Какикеша. 

«Ел болам десең бесігіңді түзе». Қыз өсіруге ерекше мән берген қазақ үшін осы ұғым – қағида. Толықсып бойжетіп, өз теңіне ұзатылғалы отырған, атына заты сай Таңсұлудың тағдыры – ғасырлар бойғы қазақ қыздарының  еншісі. Тұтқынға түскен ару, көз құрты болған сұлулығын өз еркімен тәрк етеді.  Ұрпағын аман сақтап, махаббатына да қылаң түсірмейді. Қанша қиын күн туса да мойымай, ұлына бабалар рухын жырлайды. …Өзінің мұндай талайлы тағдырын  он жасында  түсінде көрген Таңсұлу – Ұлы Даланың жазылмаған заңы  – тектілік пен намыстың символы десе болады.

Отандық театр ұжымының бұл қойылымы көрерменді тарих қойнауына шегініс жасап, терең ойландыратыны сөзсіз. Себебі бұл қойылымда ұлттық болмысымызға тән дүниелер, арғы ата-бабаларымыздың басынан кешкендері баяндалады.

Қойылымды 20 маусым күні сағат 19:00-де Бейбітшілік және келісім сарайында тамашалай аласыздар.