ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Қала тандау
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
«Шипы и розы Эдит Пиаф» қойылымы

«Шипы и розы Эдит Пиаф» қойылымы

Сипаттама

«Шипы и розы Эдит Пиаф» қойылымы - ұлы бұлбұл әншінің өмірі және шығармашылық жолына арнау. Тайсалмас, нәзік әрі бейкүнә әйел баласының тағдыр тәлкегіне қарсы бой көтерген күш-жігері мен өз жолынан таймай, көптеген жанкүйерлердің жүрегін жаулаған жұлдыздың ауыр жолы туралы өнер туындысы.

«Шипы и розы Эдит Пиаф» қойылымының авторлары ұлы әншінің бейнесін «күші сыналған» деп сипаттайды. Бар күшімен ән салған, бар күшімен сүйген, бар күшімен өмір сүрген... Кішкентай бұлбұлдың өмірінен алынған сәттер сомдалып, жарқын әуендер шырқалатын қойылымға да майталман әртістер Иван Альховский мен Софья Терехова бар күштерін салмақ. Басқаша болуы мүмкін бе? Ұлы Эдит Пиафтың шеберлігін, терең сезімдері мен дарынын бейнелеу үшін басқа жол болуы мүмкін бе?

Эдит Джованна Гассионның кіндік қаны тамған байырғы Париж қаласының төріне тікелей саяхатқа баурайтын теңдессіз қойылымда сіздерді асыға күтеміз. Актерлермен бірге сіздер әйгілі француз әншісінің қиын жолын жетелей өтіп, Эдит қуатының жойқын күші мен тағдыршешті сәттің ауқатын толыққанды сезінетін боласыздар.

Сценарий Эдит Пиафтың «Сәттілік кешінде», «Менің өмірім» және Симона Бертоның «Эдит Пиаф» кітаптары бойынша Э.Баркарь қаламынан туған.

Қойылым барысында Эдит Пиаф, Ив Монтана, Шарль Азнавур, Эдди Константин репертуарынан алынған әндер мен француз халық әндері шырқалмақ.

Қойылымда театр және кино әртістері Иван Альховский пен Софья Терехова өнер көрсетеді.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Алматы қ., М. Лермонтов атындағы театрдың гастрольдік сахнасы

  • Күні

    17 қазан, 2024 жыл

  • Басталуы

    19:00

  • ​Әртістер

    Иван Альховский және София Терехова

  • Авторы

    Э. Баркарь

  • Режиссер

    Элеонора Баркарь

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 17
    Қазан
    Бейс
    Гастрольная сцена театра им. М. Лермонтова
    Большой зал
    бастап 11000 ₸
    бастап 11000 ₸