rebranding

2019/2020           Камералық зал           VIІ маусым

Концерт

«Көктем әуенімен үндескен»

•           Өтетін орны: «Астана Опера» театрының Камералық залы

•           Күні мен уақыты: 15 наурыз 2020 ж.  /  жексенбі  /  18:00

•           Ұзақтығы:  1 сағат 20 минут

•           Жас шектеуі:  7+

•           Қосымша: залға үшінші қоңыраудан кейін кіруге, фото және бейне түсірілім жасауға, 7 жастан кіші балалармен спектакльге келуге тыйым салынады.

 

* * * * *

 

2020 жылғы 15 наурызда оркестр әртістері француз композиторлары К.Дебюсси, К.Сен-Санс және неміс скрипкашысы, композитор әрі музыкадағы романтикалық стильдің алғашқы өкілдерінің бірі – Людвиг Шпордың шығармалары шырқалатын камералық музыка концертін ұсынады. Кеш бағдарламасына сирек орындалатын камералық туындылар енген.

Төрт жарым ғасырлық тарихы бар ең көне музыкалық аспаптардың бірі – арфа концерттің сәнін келтірмек. Ол өнердегі керемет әрі романтикалық дүниенің символына айналған.

Әсерлі соло және сүйемелдеуші аспап ретінде арфаны орыс классик  композиторлары (Н.Римский-Корсаков, П.Чайковский, М.Глинка, С.Рахманинов, С.Прокофьев және т.б.), сондай-ақ әйгілі еуропалық авторлар (Г.Берлиоз, Р.Вагнер, Ф.Лист) жақсы көрген әрі кеңінен пайдаланған. Мысалы, Рихард Вагнер өзінің «Рейн алтыны» операсында әдетте қалыптасқан 1-2 арфа орнына оркестр құрамында алты арфаны қолданады.

 

 

БАҒДАРЛАМА:

Л. Шпор. Арфаға арналған фантазия, до минор, op.35

К. Дебюсси. Скрипка мен фортепианоға арналған соната, cоль минор

К. Дебюсси. Арфа мен ішекті аспаптарға арналған екі би

                          №1. Қасиетті би

                          №2. Ақсүйектер биі

 

К. Сен-Санс. Скрипка мен арфаға арналған фантазия, ля мажор, op.124

К.Дебюсси. Гобой мен арфаға арналған «Мечтательность»

 

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Айнұр ҚАМАЛОВА (арфа)

Зынхар АХМЕТБЕК (скрипка)

Наталья КЕРНОСОВА (фортепиано)

Ислам ӘЛИЕВ (гобой)

Балнұр ҚҰДАЙБЕРГЕН (скрипка)

Айжан ЕРМҰХАНОВА (скрипка)

Талшын КЕШІЛБАЕВА (скрипка)

Олеся МОРОЗОВА (альт)

Саид МАМИЕВ (альт)

Нұрисламбек ЖҰМАТОВ (виолончель)

Мағжан САҒАДИ (виолончель)

 

 

Жүргізуші – Ақерке ӘЛИ

 

 

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады