Scorpions в Алматы

Сол бір кез

Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының «Сарыарқа» халық музыка ансамблі Наурыз айының 14 жұлдызында «Сол бір кез» атты ретро концертін көрермен назарына ұсынады.Филармония концерт залы, басталуы 19.00.

Ұмытылмас кездерден сыр шертетін ескірмейтін есті әндер қашанда тыңдарман көңілін тербететіні ақиқат. Сағымға айналған сонау жылдарды еске салатын әуендер жүректерден жоғалмайды. Адам жастық шағын аңсайды, кейде өткен күндерге қайта оралуын армандайды. Ондай шақта, ерке кездерден естелік болған әндерді тыңдап, ойша жастық дәуренге сапар шегеді.      

Кеш аясында «Гүл Алматы», «Анаға сәлем»,  «Маралдым», «Шақырады көктем» сынды баяғының баянды әндерімен қатар, «Тақиялы періште», «Служебный роман», «Кавказская пленница», «Махаббат бекеті» сынды т.б сүйікті фильмдердің әндері орындалады.         

Кешке, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Арайлым Рахым,  Естай Мұқашев, Светлана Айтбаева, Ұлықпан Жолдасов, Азамат Жылтыркөзов, Мәдениет саласының үздігі Нұрай Танабаев, «Дарын» Мемлекеттік Жастар сыйлығының лауреаты  Ақбота Құснадин және Халықаралық байқаулардың лауреаттары Әкімхан Мәженов, Айдын Жұмабай, Шахризада Тыныштық, Қымбат Жамбылбек , сонымен қатар «ALEM» заманауи би балеті қатысады. 

Кеш қонақтары әйгілі «Дос-Мұқасан» фильмінде басты рөлдердің бірін ойнаған Мейірғат Амангелдин, Елдос Шәйкенов және Мәдениет қайраткері Айжан Тәженова.

«Сарыарқа» халық музыка ансамблі көркемдік жетекшісі - Мәдениет саласының үздігі Тоғжан Жахин.