Сол бір кез
Өтетін орны: Е. Рахмадиев атындағы «Мемлекеттік академиялық филармония» МКҚК.
Күні: 14 сәуір, 2023 жыл
Басталуы: 19:00
Ұзақтығы: 1 сағат 20 минут
Жас шектеуі: 7+
Ұмытылмас кездерден сыр шертетін ескірмейтін есті әндер қашанда тыңдарман көңілін тербететіні ақиқат. Сағымға айналған сонау жылдарды еске салатын әуендер жүректерден жоғалмайды. Адам жастық шағын аңсайды, кейде өткен күндерге қайта оралуын армандайды. Ондай шақта, ерке кездерден естелік болған әндерді тыңдап, ойша жастық дәуренге сапар шегеді.
Астана қаласы әкімдігінің Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының «Сарыарқа» халық музыка ансамблі сәуір айының 14 жұлдызында, сағат 19.00 «Сол бір кеш» атты ретро концертін көрермен назарына ұсынады.
Кеш аясында «Гүл Алматы», «Анаға сәлем», «Маралдым», «Шақырады көктем» сынды баяғының баянды әндерімен қатар, «Тақиялы періште», «Служебный роман», «Кавказская пленница», «Махаббат бекеті» сынды т.б сүйікті фильмдердің әндері орындалады.
Кешке, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Майра Ілиясова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Естай Мұқашев, Светлана Айтбаева, Ұлықпан Жолдасов, Азамат Жылтыркөзов, Мәдениет саласының үздігі Нұрай Танабаев, «Дарын» Мемлекеттік Жастар сыйлығының лауреаттары Нұрбол Балапанов, Ақбота Құснадин және басқа да өнерпаздар, «ALEM» заманауи би балеті қатысады. Кеш қонақтары әйгілі «Дос-Мұқасан» фильмінде басты рөлдердің бірін ойнаған Мейірғат Амангелдин, Елдос Шәйкенов.
«Сарыарқа» халық музыка ансамблі көркемдік жетекшісі - Мәдениет саласының үздігі Тоғжан Жахин.