rebranding

Ит (ALMATY PUPPET FESTIVAL - 2023)

Алматы қаласында 20-24 қазан аралығында Республика күні аясында тұңғыш рет І Халықаралық «ALMATY PUPPET FESTIVAL» қуыршақ театрлары фестивалі өткізілмек. Фестивальге Түркия, Польша, Грузия, Болгария, Өзбекстан және Қазақстанның таңдаулы қуыршақ театрлары қатысатын болады.

«Ит» спектаклі. Соғыс кезіндегі адамдардың көңіл-күйі, олардың қоршаған орта жағдайына қарамастан адамгершілік қасиеттерін сақтаудың маңыздылығы туралы әрі бұның бәрі кішкентай ғана иттің көңіл көкжиегімен көрсетілетін қойылым.

Қойылымның ерекше формасы көрерменге бұл оқиғаға иттің көзімен қарауға мүмкіндік береді. Әлемді, қоршаған ортаны иттің дүниетанымымен көрсетуге тырысады. Сонымен бірге, спектакльде жалпы адамзаттың құндылықтар қозғалады. Жақсылық пен жамандық, адам мен адам, адам мен табиғат арасындағы байланыс және қатігездік, әділдік, жанашырлық, достық тақырыптарын қозғау арқылы барлық адамды бейжай қалдырмайтын мәселелер көтеріледі.

Әр көрермен аталған тақырыптарға өз қалағанынша еніп, өз биігінде қабылдай алады.

Қаңғыбас иттің бұл оқиғасы әркімге ой салып, өмірге басқаша қарауға мүмкіндік береді деп сенеміз.

Қойылым орыс тілінде көрсетіледі.

Автор: Нодар Думбадзе

Режиссер: Антон Зайцев