РУХАНИ КЕЛІСІМ ТУРАЛЫ СӨЗ

Симфониялық музыка концерті

«РУХАНИ КЕЛІСІМ ТУРАЛЫ СӨЗ»

Ұзақтығы – 1 сағат 20 минут

Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз

Дирекция орындаушыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

Отыз жылдан астам уақыт бойы елімізде дәстүрлі түрде атап өтілетін рухани келісім күні (18 қазан) қарсаңында (1992 ж. құрылған) «Астана Опера» театрының сахнасында осы іс-шараға арналған концерт өтеді.

Рухани келісім күні адам өмірінің барлық басқа аспектілерінен руханияттың үстемдігін жариялаған үйлесімділіктің символы ретінде түрлі мәдениеттер мен діни сенімдер арасындағы өзара құрмет, түсіністік пен ынтымақтастықтың маңыздылығын еске салуға арналған. Қарама-қайшылыққа толы заманда елімізде бейбітшілік, ынтымақ, халықтар арасындағы бірлік пен өзара түсіністік мызғымас идея болып табылады.  

«Рухани келісім туралы сөз» концертіне Рухани келісім күні идеясының авторы, қоғам қайраткері әрі композитор Төлеген Мұхамеджанов, ұлттық конфессиялардың белгілі қайраткерлері, сондай-ақ «Астана Опера» театрының солистері, Астана қаласы әкімдігінің Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясының симфониялық оркестрі қатысады.

БАҒДАРЛАМА:

Н.Римский-Корсаков. «Шехеразада» симфониялық сюитасы

Т.Мұхамеджанов. «Туған жер»

Т.Мұхамеджанов. Адажио

Дж. Каччини. «Аве Мария»

Ж.Бизе. №1 симфония, до мажор (фрагмент)

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Астана қаласы әкімдігінің Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясының симфониялық оркестрі

Солистер:

Лейла Аламанова (сопрано)

Салтанат Орынбаева (скрипка)

Айымгүл Бекбаева, Мәдениет саласының үздігі (домбыра)

Ботагөз Ташимова, Мәдениет саласының үздігі (кобыз)

Көркемдік жетекшісі әрі дирижер – Абзал Мұхитдин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді