Скрипка және оның достары

Концерт

«Скрипка және оның достары»

Ұзақтығы - 1 сағат 30 минут

Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

«Скрипка және оның достары» – балалық шағынан осынау ғажап аспапта ойнап, оны сүйікті ісі мен жұмысына айналдырған музыканттар концертті осылай атады. Орындаушылық өнердің сырын ашуға септігін тигізген олардың ұстазы әрі тәлімгері – скрипкашы, дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, «Мәдениет саласының үздігі», ҚазҰӨУ профессоры Асқар Дүйсенбаев. Бұл кеште маэстро өзінің әріптестері мен сенімді серіктеріне айналған шәкірттерінің тыңдарманы болмақ.

Музыкалық кеш бағдарламасында қазақстандық, орыс және батыс еуропа композиторларының, атап айтқанда М.Сағатов, Е.Брусиловский, П.Чайковский, А.Вивальди, Н.Паганини, К.Сен-Санс, М.Фалья және т.б. скрипкаға арналған туындылары шырқалады.

ҚАТЫСУШЫЛАР

Асқар ДҮЙСЕНБАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Халықаралық байқаулардың лауреаттары:

Ақерке ӘЛИ

Әсел ЖАҚИЯНОВА

Әсем ЖАҚПАРОВА

Шалқар ЖЕЛДІБАЙ

Майя МЕДЕТБЕК

Талшын КЕШІЛБАЕВА

Рүстем АХМЕДОВ

Зарина АХМЕДИНА

Ардақ ҚАЙМОЛДИНОВА

Сәния ИСАБЕКОВА

Аделя ДҮЙСЕНБАЕВА

Райхан ДҮЙСЕНБАЕВА

Айша БЕКБОСЫНОВА

Арина БАЙКАНОВА

Ақгүл АБАЕВА

Жәния БОЛАТОВА

Айсұлу АЙТХОЖИНА

Фортепиано партиясы – Дана ДҮЙСЕНБАЕВА

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.