«Алты сезім» | спектакль-синестезия | II Almaty Puppet Festival – 2024

Синестезиялық «Алты сезім» спектаклі — бұл башқұрт қуыршақ театрының шағын форматтағы ерекше әрі таңғажайып қойылымы, аладйа онда бірде-бір қуыршақ жоқ! Бірақ оның орнына дыбыстар, иістер, тактильдік сезімдер және басқа да жағымды тосынсыйлар бар!
Сіз спектакльдің бас кейіпкері сезінетін нәрселердің барлығын сезінуді армандап па едіңіз? Кейіпкермен бірге жаңбыр астында жүруді, жаңа гүлдердің иісімен тамсануды, жұмбақ тіршіліктердің жанасуын сезінуді қаладыңыз ба?
Бас кейіпкер аттракциондар паркінде жұмыс істеуді тоқтатып, зейнетке шығуға шешім қабылдайды, өйткені ол жалғыздық ең қажет нәрсе деп ойлайды.
Ол қателескенін түсіну үшін көп уақытын құртып алар ма екен? Сол кезде ол не істемекші?