«ŞAM» театрының «Конференция» спектаклі

Копенгаген төріндегі интеллектуалды қызу талқылауға әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған ойшылдар — шығыстанушы, теолог, саясаттанушы, журналист, ақын және басқалары адамзаттың мәніне қауіп төндірген әлемдік гуманитарлық мәселелерді көтереді. Зал адамзат шеккен азаптар үшін кім кінәлі деген қызу пікірталастармен толады. Шиеленіс арта түсіп, талқылау терең ішкі психологиялық тартысқа айналады. Спикерлер өз жандарын жалаңаштай отырып, жүректі тербейтін жеке оқиғаларымен де бөліседі. Спектакль жеке трагедиялардың ғаламдық сын-қатерлермен тоғысатын нүктесі ретінде көрерменді әлемдегі өз ролін айқындауға деген терең пайымға шақырады.