Шах және Мат
28 қыркүйек күні Алматы қаласынан Көкшетау қаласына «ШАХ және МАТ» қойылымымен тәуелсіз театр гастрольдік сапарға аттанады.
Трагифарс жанрындағы қазіргі заманда өмір сүру туралы барынша шыншыл әрі өзекті спектакль!
Кейіпкерлердің бейнесі көрермендерге өте жақын келеді.
Билікке талас, ашкөздік, екіжүзділік... Олар кімдер? Қолына түскен әрбір бейкүнәнің тас талқанын шығаратын нағыз әзәзілдер ме, әлде адамгершілік мен нәпсімізді тексеруге жіберілген сынақ па?
«Шах және мат» қойылымы - Евгений Шварцтың әрқашан өзекті классикасына - «Айдаһар» пьесасына жаңа көзқарас.
Бұл оқылымда пьеса жаңа қырынан ашылмақ, осы түсіндірменің желегі арқылы өтіп, бүгінгі заман тарихының көптеген оқиғалары айқындалады.
Спектакль сен туралы, мен туралы, біз және біздің қоғам туралы сыр шертеді.
Спектакльдің ең басты тұстарына назар салуға кедергі келтірмейтіндей етіп, қойылым барынша азынан безендірілген.
«Шах және мат» - ой-толғауға шақыратын туынды!