rebranding

«Ромео и Джульетта» мюзиклі

«Ромео и Джульетта» мюзиклі – алғаш рет қазақ тілінде үн қатқан дүниежүзіне белгілі мюзикл. Шығарманың негізіне Уильям Шекспирдің классикалық пьесасы бойынша жазылған Жерар Пресгюрвиктің француз мюзиклі арқау болып отыр. Ж.Пресгюрвик өз сөзімен, түпнұсқаның тек негізгі сюжеттік қайшылығын ғана сақтап, өзгеше әңгімелейді, көрермендерге арманның, өз армандарының құшағында қиялдауға мүмкіндік береді. Әйгілі Ромео мен Джульетта оқиғасын суреттейтін мюзикл адам бойындағы қанды кек пен қызғанышты, менменшілдік пен пендешілік сынды қасиеттерді жеңген мөлдір махаббат туралы болмақ. Ромео мен Джульетта тек қана ескі көзқарастар мен қатынастарға қарсы шығып қана қоймай, олар жаңа өмірге үлгі болды. Олардың арасын қастық бөле алмады, оларды махаббат қосты. Кейіпкердің махаббаты сұлулыққа сүйсінуден туындады, адамның ұлылығына деген сенімнен және онымен өмірде қуанышты бөлісуге тырмысуынан туындаған.

«Астана мюзикл» театрының талантты актерлары көрерменге ұмытылмас махаббат оқиғасын сыйлайды. Аударма авторы – Г. Салықбай, қоюшы режиссер – А.Маемиров.