Ромео мен Джульетта
Ромео мен Джульеттаның
Оқиғасы азалы
Жарық дүние көкірегінде
Мәңгі шер боп қалады.
У.Шекспир
Әлемдік классиканың жауһар жақұттарының бірі У. Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» трагедиясын ұсынамыз.
Түркістан музыкалық драма театрының ерекшелігіне сай спектакльде заманауи сценаграфия қолданылады. Оған қоса хореографиялық композициялармен көркемдеу, жаңа әуен, танымалы таланттар мен жас театрдың беделді артистерінің ерекше ойыны, бәрі-бәрі «жаңа театр» стилінде.
Әйгілі Ромео мен Джульетта оқиғасын суреттейтін трагедия адам бойындағы қанды кек пен қызғанышты, менменшілдік пен пендешілік сынды қасиеттерді жеңген мөлдір махаббаттың құдіреті туралы сыр шертеді. Режиссер идеясы драматург ойын жалғастырғанымен бұл қойылым құрылымында махаббатты түйсінудің жаңа көрінісі бар.
Уыздай екі жас Ромео мен Джульетта бір-біріне өлердей ғашық. Олардың бұл сезімі ежелден жау екі әулет Монтекки мен Капулеттилердің қарсылығына ұшырайды. Ал, қалайда үйленбек талпыныстары ақыры қайғы-қасіретпен аяқталады. Трагедияда өмір мен өлім, махаббат пен жауыздық, достық пен дұшпандық сияқты маңызды аспектілер де бар.
Авторы: Уильям Шекспир
Аударған: Әбіш Кекілбаев
Режиссері: Дина Жұмабаева
Қоюшы суретшісі: Айнұр Есболатова
Композиторы: Нұрсұлтан Төреәли
Балетмейстер: Мадина Мұратпекова
Көркемдік жетекшісі: Шынар Омарова
Актерлер: Мұзафар Ғалымжанұлы, Данияс Нұрқабден, Ақбөпе Жеңісбек, Нұрай Сайлаубаева, Жұлдыз Әбдікәрімова, Қонысбек Бегайдаров, Айдана Аққали, Медғат Өміралиев, Зәмзәгүл Бегайдарова, Қарлығаш Тұрсынбекова, Темірлан Еркінғалиев, Сембай Нұрла, Мерей Құдайберген, Кенжебек Башаров, Айбек Боранбай, Болатбек Оспан, Ұлан Әділбек, Дінмұхаммед Алпысбек, Шерхан Саматұлы, Ақ-Сұлтан Әнуарбек, Рабина Белгібаева, Досымжан Арқабеков, Сырым Омаров, Қадыржан Төреханов, Саяжан Реал-Бланко