«Романс романтикасы»
2022 / 2023 К. Байсейітова атындағы Камералық зал Х маусым
11 маусым * жексенбі * 18.00
Концерт
«Романс романтикасы»
Ұзақтығы – 1 сағат 15 минут
Жас шектеуі 10+ екеніне назар аударуларыңызды сұраймыз.
Дирекция орындаушылар мен орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады
Романс – бірнеше ғасырлық жанрларды қамтитын ең көне жанрлардың бірі. Бірақ ешкімнің романсты ескірген деуге батылы бармайды. Керісінше, оған заманауи орындаушылардың назар аударуы мен жұртшылықтың тынымсыз қызығушылығы жанрдың тек өзектілігін дәлелдейді.
Романс кешін Astana Opera Халықаралық опера академиясының солистері тарту етеді. Опера академиясының әншілерінің орындауында дәстүрлі классикалық романстан өзге (М.Мусоргский, Б.Фомин, Н.Ширяев, Л.Дризо, Я.Фельдман, Д.Шостакович, Д.Кабалевский және т.б.) А.Петров, Е.Мартынов, А.Островский сынды басқа да танымал әнші-композиторлардың романс-әндері шырқалады.
ОРЫНДАУШЫЛАР:
Назым Сағынтай (сопрано)
Артур Габдиев (тенор)
Азат Мәлік (баритон)
Жандарбек Еркінбаев (бас)
Зәру Жазықбаева (фортепиано)
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттерді спектакльдер болмайтын немесе күні ауыстырылған жағдайда ғана ауыстыруға немесе қайтаруға болады. Барлық басқа жағдайларда қайтару және ауыстыру жүргізілмейді.