Ревизор
Қойылымның қоюшы-режиссері – Елік Нұрсұлтан, Қоюшы-суретшісі ҚР «Мәдениет саласының үздігі», ҚР Суретшілер одағының мүшесі – Қарлығыш Шалабаева.
Мәтіннің өзектілігі айқын, өйткені Н.В.Гоголь комедияларында ащы шындық көрініс тапқан оқиғалар өте көп. Әлеуметтік сатираға құрылған «Ревизор» шығармасында жағымды кейіпкер табу қиын. Себебі, автор шенеуніктердің құйтырқы қулықтарын және мемлекеттің барлық былығын бір ревизордың бейнесі арқылы көрсеткісі келді. Қойылым түзу жолдан жаңылып, пайданы ардан жоғары қойған, ашкөз, жөнсіз жемқорлар әрекетін сынға алады!
Көптеген режиссер мен актер шығармашылығының қиялына ерік берген Н.Гогольдің атақты туындысы театр сахнасында өзгеше екпін, ерекше шабыт, қайталанусыз бағытпен театр сүйер қауымға жол тартпақ.