Scorpions в Алматы

Айқара аштым тереземді

«FORTE TRIO» ШАҚЫРАДЫ

«Айқара аштым тереземді»

ұлы орыс композиторы П.Чайковский шығармашылығына арналған концерт

Орындаушылар:

«Форте-трио» Қазақстан Республикасының мемлекеттік триосы, құрамы:

Еркебұлан Сапарбаев (скрипка)

Мұрат Нарбеков (виолончель)

Тимур Урманчеев (фортепиано)

Солист –

Азамат Жылтыркөзов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (баритон)

Көркемдік жетекшісі –

Тимур Урманчеев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

«Форте-трионың» барлық музыканттары – танымал аспапшылар, халықаралық байқаулардың лауреаттары. Ұжымның репертуары аса бай әрі бароккодан джазға дейінгі түрлі стиль мен бағыттағы шығармаларды қамтиді. Өздерінің орындаушылық интерпретациясын жасай отырып, трио классикалық музыка бағалаушыларының жүректерін жаулауда. Қазақ халық әндері мен Қазақстан композиторларының туындылары ұжым шығармашылығында маңызды орынға ие.

Сонымен қатар, музыканттар оркестрмен бірлесе ансамбльде, түрлі солистермен – аспапшылар және әншілермен өнер көрсетеді.

Мемлекеттік трио – көптеген халықаралық фестивальдердің қатысушысы, ұжым Еуропа мен Азияның ең беделді концерттік алаңдарында өнер көрсетіп, Қазақстанның мәртебесін асқақтатты.

Азамат Жылтыркөзов – белгілі қазақстандық опера әншісі (баритон), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

2006 жылдан бастап Астана қаласы әкімдігі Мемлекеттік филармониясының солисті, 2007 жылдан – К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының солисті болды. 2009 жылдан бері Қазақ ұлттық өнер университетінің Жеке ән айту кафедрасында ұстаздық етеді. 2010 жылы КСРО Халық әртісі профессор Е.Е.Нестеренкодан тағылымдамадан өтті.

Азамат Жылтыркөзов көптеген халықыралық байқаулардың әділқазылар құрамына енген және Қазақстан, АҚШ («Капричии» скрипкашылар ансамблімен бірге), Ресей, ҚХР, Жапония, Түркия, Швейцария, БАӘ, Сауд Арабиясы, Иордания, Белорусь, Австрия, Үндістан, Оңтүстік Корея, Қырғызстанда концерттік бағдарламаларымен белсенді түрде гастрольдік сапар шегуде.

Әншінің қоржынында шетелдік, орыс және қазақ композиторларының ариялары, романстары, халық әндері бар.

Бағдарлама:

П. Чайковский. «Ұлы шеберді еске алу» триосы

П. Чайковский. Романстары

 

 

Ұзақтығы – 1 сағат 20 минут

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады