
QOBYZ SOUL cover concert Алматыда
Сипаттама
QOBYZ SOUL концертіне келіп, қобызда орындалатын заманауи каверлер арқылы күңіренген көне қобыздың тылсым әлеміне саяхат жаса!
Қобыз өзінің архаикалық тұрқы мен көне үнін бүгінгі күнге дейін сақтап қана қоймай, заманға сай жаңғырып, өзінің әрқилылығымен тыңдармандарын таңқалдыруда. Qobyz soul концерті көне қобыз бен қазіргі қобыздың арасындағы көпір іспетті.
Концерт барысында көрермендер дәстүрлі қобыз аспабында шетелдік және отандық танымал әндерге кавер тыңдап, қобызды жаңа қырынан таниды.
Атақты «Тұран» ансамблінің солисті танымал қобызшы Мақсат Медеубек сіздерге естен кетпес кеш сыйлайды!
Концертте:
-
Жанды дауыста отандық және әлемдік хиттер;
-
Ерекше романтикалық атмосфера;
-
Көтеріңкі көңіл күй
Өтетін орны
Алматы қ., Абай даңғылы 117, «Жас сахна» Театры. Байтен Омаров
Күні
23 сәуір 2025 жыл
Уақыты
19:00
Ұзақтығы
1 сағат 20 мин.
Жас шектеуі
5+
Жанр
концерт
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 23СәуірСәрсТеатр Жас СахнаМалый залбастап 9000 ₸бастап 9000 ₸