Scorpions в Алматы

«ҒАСЫРЛАРҒА ЖАЛҒАСҚАН САЯХАТ»

Сквозь векаӨтетін орны: Астана қ., Astana Opera

Күні: 7 қараша, 2023

Уақыты: 19:00

Ұзақтығы: 1 сағат 20 минут

Жас шектеуі: 10+

Қосымша: Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады.

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.

 

Ғ.Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті өз тыңдармандарына камералық жанр классиктері Л.Бетховен, Ф.Шуберт, К.Дебюссидің туындыларынан тұратын бағдарлама ұсынады, сондай-ақ дәстүр бойынша оған ұлттық музыка мәдениетінің көрнекті өкілдерінің шығармасы енгізіледі. Ұжымның осы концертінде заманауи авторлар Қуат Шілдебаев пен Арман Жайымның музыкасы шырқалады.

Ғ.Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартетінің жоғары шеберлік деңгейі лауреаттық атақтармен, халықаралық байқаулардың сыйлықтарымен және жүлделерімен бірнеше дүркін марапатқа лайықты деп танылды. Ұжымның шығармашылық қызметі жоғары баға алды: квартет – «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының, «Ерен еңбегі үшін» үкіметтік марапатының иегері.

БАҒДАРЛАМА:

Л.Бетховен. Ішекті аспаптар квартеті, си-бемоль мажор, ор. 18, № 6

Ф.Шуберт. №12 ішекті аспаптар квартеті, до минор `Quartettsatz`, D703

К.Дебюсси. Reverie («Қиял»). Алесандро Аматоның ішекті аспаптар квартетіне арналған өңдеу

Қ.Шілдебаев. Ішекті аспаптар квартеті

А.Жайым. «Ереуіл атқа ер салмай»

ОРЫНДАУШЫЛАР

Ішекті аспаптар квартетінің құрамы:

Айдар ТОҚТАЛИЕВ (1-ші скрипка)

Алексей ЛЕБЕДЕВ (2-ші скрипка)

Бекзат САЙЛАУБАЙҰЛЫ (альт)

Ернар МЫҢТАЕВ (виолончель)

Көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері 

Ернар Мыңтаев