Scorpions в Алматы

«Хас шеберге тарту»

2018 / 2019                    Камералық зал            VI маусым

30 сәуір * сейсенбі * 19.00

 

Astana Piano Passion V Халықаралық классикалық музыка фестивалі және

жас пианистер байқауының промо-акциясы аясында

 

Концерт

«Хас шеберге тарту»

Владимир Крайневтің 75 жылдығына

 

2019 жылы 30 сәуір күні сағат 19.00-де Камералық зал сахнасында Astana Piano Passion V Халықаралық классикалық музыка фестивалі және жас пианистер байқауының промо-акциясы аясында «Хас шеберге тарту» концерті өтеді. Солист – халықаралық байқаулардың лауреаты Данияр Есімханов. Пианист өз өнер көрсетуін ұстазы, атақты пианист, КСРО Халық әртісі әрі Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты Владимир Крайневке арнамақ.

Данияр Есімханов – А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық арнайы орта музыкалық мектебінің түлегі (Г.А.Мелькова сыныбы). Алғаш рет 14 жасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік симфониялық оркестрімен бірге үлкен сахнада өнер көрсеткен.

1999 жылдан бастап Ганновердегі Жоғары музыка және театр мектебінде (ГФР) профессор Владимир Крайневтің сыныбында тәлім алды.

2001 жылдан Германия, Греция, Испания, Португалия, Франция, Марокко, АҚШ пен Қазақстан қалаларында жеке концерттерімен және оркестрлермен бірге өнер көрсетіп келеді.

«Болашақ» президенттік бағдарламасы шәкіртақысының иегері (2005-2007).

Греция (2006, 2007) мен АҚШ-тағы (2009) халықаралық байқаулардың лауреаты, Kasseler Musikfest (ГФР), Animato (Париж, Франция), Amici della Pianoforte (Сан-Даниеле, Италия) халықаралық фестивальдерінің қатысушысы.

2009 жылдан бері Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының солисі болып табылады. 2010 жылдан бастап Қазақ ұлттық өнер университеті фортепиано кафедрасының оқытушысы. Еліміздегі (Астана, Алматы, Павлодар), сонымен қатар шетелдегі (Париж, Лондон) көптеген концерттердің қатысушысы.

Данияр Есімхановтың концерттері «Астана Опера» Камералық залы сахнасында үнемі аншлагпен өтеді.

 

БАҒДАРЛАМА:

И.С. Бах. Ағылшын сюитасы, ля минор BWV 807

Л. Бетховен. № 31 соната, ля-бемоль мажор, ор. 110

Ф. Лист. № 2 баллада, си минор

С. Рахманинов. Бес прелюдия, ор. 23

 

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

 

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады