Щелкунчиктің шытырман оқиғалары (AstanaOpera)
«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры «Щелкунчиктің шытырман оқиғалары» атты жаңа жылдық шырша қойылымына қуана шақырады!
Щелкунчик туралы барлығымыз сүйіп тыңдайтын және тамашалайтын жаңа жылдық ертегі жаңа сюжетке ие болады. Балалар қызықты оқиғаның кейіпкерлеріне айналмақ, себебі оларды заманауи сарынмен көмкерілген классикалық оқиға күтуде.
Мари есімді мейірімді қыз Жаңа Жылға сыйлық ретінде керемет Щелкунчикті алады. Алайда кенеттен оны Тышқандар патшасы ұрлап кетеді екен! Батыл қыз Мари Щелкунчикті қайтаруға аттанып, сиқырлы төрт патшалықтың ертегі әлеміне тап болады. Оның тұрғындары ұзақ жылдар бойы Тышқан Патшасының ауыртпашылығына мойынсұнып келуде екен, олардың тағдыры Маридің қолында…
Бағдарламада:
- сүйікті кейіпкерлермен кездесу;
- кәсіби актер-аниматорлармен шоу-бағдарлама;
- сиқырлы және көңілді атмосфера;
- интерактивті ойындар, әндер және би нөмірлері;
- шырша маңындағы классикалық хоровод;
- Аяз ата мен Ақшақармен фотосессия;
- әр балаға сыйлық!
«Астана Опера» балалар мен ересектердің барлығын жарқын эмоциялар мен сиқырға толы нағыз ертегіге біріктіреді!
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:

