rebranding

Музыка мейрамы

2017 / 2018                    Камералық зал            V маусым

17 маусым * жексенбі * 13.00

Ришар Гальяноның концерті

«Музыка мерекесі»

2018 жылдың 17 маусымы сағат 13.00-де «Астана Опера» театрының Камералық залында әлемге әйгілі француз джаз аккордеоншысы, композитор, орындаушы, «Танго королі» Астор Пьяццолланың керемет шәкірттері мен ізбасарларының бірі Ришар Гальяноның бірегей әрі жалғыз концерті өтеді.

Францияда оны «джаздың киелі алыбы» деп атайды. Музыкант аккордеонның түр-түрін асқан шеберлікпен игерген. Ол – «жаңа мьюзет» деп аталатын тың музыкалық бағыттың негізін қалаушы әрі аккордеон мен бандонеонда ойнаудың хас шебері. 

Ришар Гальяно Париж, Рим, Берлин, Мәскеу, Лондон, Нью-Йорк, Сан-Франциско, Монреал, Буэнос-Айрес, Токио және әлемнің басқа да қалаларында концерт береді. Ришар Гальяно достарымен бірге өнер көрсеткен ең беделді сахналардың қатарында Нью-Йорктегі Lincoln Center, Миландағы La Scala, Амстердамдағы Concertgebouw, Париждегі Théâtre des Champs Elysées бар.

Елорда тұрғындары мен қонақтарына заманымыздың ең беделді музыканттарының бірін тыңдап, өнеріне тәнті болудың тамаша мүмкіндігі туындап отыр.

 

Бағдарлама:

Р.Гальяно.  Opale Concerto

Р.Гальяно. Madreperla

Р.Гальяно. Tango pour Claude («Клодқа арналған танго»)

А.Пьяццолла. Oblivion  («Ұмыту»)

Р.Гальяно. La Valse à Margaux («Марго вальсі» ) және басқа шығармалар.