rebranding

«Бела Бартокты ту етіп»

2021 / 2022                    К.Байсейітова атындағы Камералық зал                  IX маусым

29 қазан * жұма * 19.00

 

«Қазақквартет шақырады» топтамасы

Концерт

«Бела Бартокты ту етіп»

(Й.Гайдн, Б.Барток, Ә.Сағымбаев)

Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті биыл әлемдік музыка қауымдастығы 140 жылдығын атап өтіп жатқан венгр композиторлар мектебінің ірі өкілдерінің біріне арналған концерттер сериясын тамамдайды.

Бағдарламада вена мектебінің классигі Й.Гайдн мен Б.Бартоктың ішекті аспаптар квартеттері шырқалып, заманауи қазақстандық композитор Әбілқайыр Сағымбаевтың ішекті аспаптар квартетінің премьерасы орын алады.

БАҒДАРМАЛА:

Й.Гайдн. №5 ішекті аспаптар квартеті, фа минор, ор.20

1. Moderato

2. Menuet

3. Adagio

4. Fuga a 2 soggetti

 

Б.Барток. №1 ішекті аспаптар квартеті, ор.7

(Бір бөлімді): I. Lento - II. (Allegretto) Introduzione - III. Allegro vivace

 

Ә.Сағымбаев. «Елім-ай» ішекті аспаптар квратеті (Премьера)

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Ішекті аспаптар квартетінің құрамы:

Айдар ТОҚТАЛИЕВ (1-ші скрипка)

Алексей ЛЕБЕДЕВ (2-ші скрипка)

Бекзат САЙЛАУБАЙҰЛЫ (альт)

Ернар МЫҢТАЕВ (виолончель)

 

Көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Ернар Мыңтаев

 

Ұзақтығы – 1 сағат 15 минут

 

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады