Пигмалион
Сипаттама
Бернард Шоудың «Пигмалион» пьесасы ең танымал туындылардың бірі болып табылады. Пьесаның көптеген елдердегі ғасырдан асқан танымалдығының сыры оның бірегейлігі мен өткір ойлығында жатыр. Әлемнің үздік театрларында әлі күнге дейін қойылып, комедияның табысы бүгіндікте де өшпеген.
Бұл туынды лондондық фонетика профессоры Генри Хиггинстың әскербасы Пикерингпен бәстесуі туралы сыр шертеді. Бәстесу бойынша Хиггинс алты ай ішінде қарапайым гүл сатушы Элиза Дулиттлды нағыз герцогиняға айналдырып, оны тіл мәдениетіне үйретіп, ақсүйектер қатарында өзін ұстай білуді үйретпекші болады. Олардың бәсі неге әкелмек? Пьеса атауының өзі бұл сұрақтың жауабын өзінде жасырып тұр, себебі ежелгі аңыз бойынша Пигмалион деген мүсінші өзінің жасаған сұлу қыздың мүсініне қатты ғашық болғаны соншалық, тіпті махаббат құдайы Афродитадан сол мүсінді тірілтуін жалынған екен...
Өтетін орны
Семей қ., Достоевский атындағы театр
Спектакльдің авторы
Бернард Шоу
Режиссері
Андрей Глушков
Суретші
Виктор Шмидт
Жанр
комедия
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 12ҚаңтарЖексРусский драматический театр им. Ф.М. ДостоевскогоЗал Достоевскогобастап 1000 ₸бастап 1000 ₸