Пер Гюнт Almaty Theatre-да
Almaty Theatre «Театр апталығы» жобасын ұсынады
25 ақпанда Almaty Theatre алғаш рет норвегиялық әдебиет классигі Генрик Ибсеннің пьесасы бойынша «Пер Гюнт» атты спектакль-зерттеу ұсынады, онда кейіпкердің қиялы шындыққа айналып, ал шындық қиялға ұласатын болады...
Пер Гюнт - қарапайым ауылдан шыққан қияли және ақымақтау жас жігіт.
Ұзақ уақыт болмағандықтан анасының алдында ақталу үшін жүйрік бұғы артынан аңшылық туралы оқиғаны ойлап табады. Алайда жігіт бұл оқиға бір кездері шынымен болғаны туралы және анасы бұл жайлы мәлім екендігі туралы еш білмейді екен.
Перді көп қыздар ұнататыны сыр емес, ал анасы баласына Ингрид есімді ауқатты хутор иесінің қызын алып беруді армандайды екен. Бірақ міне әттеген-ай! Кешкісін Ингрид тұрмысқа шықпақшы екен. Және оның күйеу жігіті Пер емес екені анық.
Ингридке бара жатқан жолында Пер шаруа-сектанттың нәзік, әкесінің сөзінен шықпайтын қызы Сольвейгті кездестіріп қалады. Пер қызы онымен бірге баруға шақырса, Сольвейг бас тартыпты.
Қалыңдыққа қандай көңіл бөлу керек екенін білмейтін күйеу жігіттің қылықтарына ашуланған және іші ашыған Пер Ингридті қолтықтап, тауға алып кетеді. Жойқын құлшыныс ұзаққа созылмай, Пер бірден Ингридтен бас тартады, себебі ол Сольвейгтің тырнағына да татымайтын болып шықты!
Көшкіннен қашып, Пер орманда тығылады. Онда кейіпкер үш қойшы қыз бен тролльдер патшасының қызын кездестіріп қалады. Перді тролльдер ханзадасы атану қызықтырады, әлде оның есесіне атқару керек талаптар кейіпкерді одан әрі шошытыпты. Қашып құтылмақшы болып, тек ғажаптың арқасында өмірін сақтап қалады екен.
Есінен танған кезде Пер орманда Көрінбейтін Кривамен кездеседі, ол оны жіппен орап, қанатты жындарды жазалау үшін қолданбақшы. Оны шіркеу әндері мен қоңырау соғуы құтқарады.
Анасы мен Сольвейг оны орманда табады. Сольвейг Перге әке-шешесін тастап, онымен мәңгі қалуды шешкенін айтады. Бұл жаңалық Перді қуаныш сезіміне бөлейді.
Кенет ол орманда қатты күйзелген жасыл киген әйелді кездестіреді, қолындағы ұсқынсыз жанды Перге оның ұлы ретінде таныстырады. Тролль әйел Перден Сольвейгті қуып жіберуді талап етеді! Пер үмітін жоғалтты, ауыр кінәсі мойнына асылған. Ол Сольвейгті өзінің өткенімен ластаудан қорқып, оны алдағысы келмейді. Ақырында Пер сүйіктісінен бас тартуды шешіп, мәңгіге кетіп қалады.
Анасымен бұл кезедсуі соңғы болып шығады. Осе қатты ауруға шалдығып, өмір сүруіне аз қалғанын сезеді. Өмірінің соңғы сәттерін баласының қасында өткізіп, Перден лебізді сөздерін, көңілді мінезі үшін, мейірімділігі, шыдамдылығы мен қамқорлығы үшін рахметін естиді. Жерлеуді күпей, Пер алысқа ұзап, жоқ болып кетеді.
Көп жылдар өтеді. Перд Гюнттің жасы елуге таяп қалған. Ісі өрбіген Пер жерорта теңізінің жаңалауында Мароккодан келген қонақтарды қарсы алып, олардан қонақжайлылығы және жомарттығы үшін мадақтау сөздерін естиді. Пер достарын грек-көтерілісшілерге олардың бостандық үшін күрестерінде көмектесуге шақырады! Пер көтерілістің ошағын одар әрі ушығытып, қару-жараққа деген сұранысты күшейтпек. Осылайша ол қаруды Түркияға сатса, алынған табысты ол достарымен бөлісуді ұсынады. Қонақтар абдырап қалады. Бұл ұсыныс оларды ұялтып та, қызықтырып та алды. Алайда Фон Эберкопф басқа амал тауып, олар Гюнттен оның кемесін тартып алып, сонымен жүзіп кетеді.
Гюнт шөлдалада жүріп, Сахараны Гюнтиана атты керемет шаһарға айналдыруды армандайды.
Анитра есімді гурияны кездестіріп, ол өзін пайғамбар ретінде таныстырады. Нәтижесінде Анитраның алдауына түсіп, бүкіл алтындарынан айырылып қалады. Пайғамбар рөлі де Гюнтке жарамады.
Бегриффенфельд есімді әлдебіреу Гюнтті өзінің каирлік достарымен таныстырмақшы. Терезелеріне тор бекітілген үй жындыхана, ал Бегриффенфельд сол жындыхананың директоры болып шығады.
Ессіздіктің көрінісінен шошыған Гюнт есінен танады, ал ақылынан тайған директор оның басын алып, ақымақтың шапкасы деп жариялайды.
Тағы біраз жыл өтеді. Пер Гюнт туған жеріне қайта оралады. Оның кемесі Норвегияның жағалауларында батып, Гюнт өз жанын әрең дегенде аман сақтайды.
Пер сәтті түрде аман қалып, туған өлкесіне жетеді, кездейсоқ түрде өзінің байырғы достарын көмілген зиратбасына тап болады. Оның өзін өлкесінде ешкім танымайды, ал сұраған жандар оны «жаман мінезді қияли» деп есте алады екен. Ал ақыр соңында қай жерге тап болғанын кім біліп жатар.
Есесіне Перді баяғы уақыттан бері іздестіріп жүрген Түймеші бірден танып қояды.
Түймеші Пердің рухын кішкентай түймеге салмақшы, себебі онң рухы тозаққа да, жұмаққа да баруға жарамсыз еді, тек жан өңдеуі секілді бір кәдеге ғана жарар. Түймеші Перді жексұрын көрмейді, алайда Пердің игі істер жасағаны да шамалы. Ең бастысы - Пер бұл өміріндегі басты міндетін істей алмаған еді, өз болмысын таба алмады.
Пер Гюнт үрейге басып, шошиды, себебі жан өңдеуден сұмдық ештеңе жоқ. Ол Түймешіден өңдеуді кейінге қалдыруды сұрайды.
Түймеші Перді жіберіп, келесі қиылыста күтетінін ескертеді.
Не істерін білмей, Пер анықтылықты іздестіреді. Орманда адасып жүріп, бір кездері өзі жасаған үйшікті тауып алады. Үйшік босағасында Сольвейгті кездестіріп қалады. Сольвейгтін бетіне әжім түскен, жасы қартайған, алайда Перді кездестіргеніне сондай қуанышты. Осы кезде Пер өзінің құтқарылғанын аңғарады. Осы әйелдің махаббатына бөленіп, өз болмысын сақтағанын түсінеді.
Қойылымда әлемдегі біздің орнымыз және тіршілік етуіміздің мағынасы туралы, өз-өзіміз болу дегеніміз қандай екені туралы негізгі мәселе көтеріледі. Көрермен режиссермен бірге бас кейіпкерден ерекше «қиял органы» қасиетін іздейтін болады. Ибсен суға батып кетпейтін немесе еріп кетпейтін, тіпті адам қиялының шексіз теңізінде жоғалып кететін маяктарды байқауға көмектеседі.