Әкешім, менің сүйікті әкешім!

Әр бала үшін ана - әлемдегі ең жақын және ең басты адам! Ал әке ше?
«Әкешім, менің сүйікті әкешім!» - әкенің де маңыздылығы мен асылдығы тақырып етілетін керемет қойылым. Ал анасы да, әкесі де бар балалар әлемдегі ең бақытты балалар деп айтсақ, қателеспеспіз. Біздің хикаяның соңы ерекше болса да, ең бастысы бақытты аяқталатын болады!