Jullien Dassin

Оян, қалыңдық

Өтетін орны: Алматы қ., Шевченко к-сі, 114, жаппай театр

Премьера күні: 9 ақпан 2022

Автор: Ф. Г. Лорка

Қоюшы режиссері: Дина Жұмабай

Аударған: Нартай Сауданбекұлы

Хореограф: Гүлсая Тәуірханова

Жанры: драма

Ұзақтығы:

Жас санаты: 18+

Испания, ХХ ғасырдың басы.

Ұлының жүзімдікке бара жатқанын және оның пышақ алғысы келгенін білген анасы адам баласын өлтіруге қауқарлы қару-жарақ, құралдарды ойлап тапқандарға қарғыс айтады. Өйтпегенде ше?.. Күйеуі мен тұңғыш ұл да сол қарғыс атқан пышақтың кесірінен кескілесіп қайтыс болған.

Ұлы таңдаған қалыңдықты ұната қоймаған анасы алда болатын той туралы да ойлағысы жоқ. Күйеу жігіт кетіп, көршісі келеді. Ары қарай бәрі де өзгереді. Бұл қандай махаббат?.. Бәріне көндіккен ана ұлына ештеңе айтпауды ұйғарады.