Оскар
Ертелетіп таңғы уақытта «сабын магнаты» Бертран Барньенің үйіне оның меңгерушісі Кристиан Мартен өтініш сұрап, келіп қалады! Ол өтініші өзінен ұрлаған миллиондарға айырбас ретінде Барньенің қызын оған тұрмысқа беру еді. Осылайша әзіл-сықақты түсініспеушіліктер, шиеленістер, шытырмандар мен тағысынан тағы жаңа авантюралар бірінен кейін бірі орын ала бастайды. Барньенің қызы болса Оскар есімді әлдегіде жұмыстан шығарылған жүргізушіден жүкті екенін күтпеген түрде айтады! Осы арада Барньенің тағы бір қызының кейпін танытқан бейтаныс қыз пайда болады. Үй қызметшісі жұмыстан шығып, әп сәтте баронесса болып шығады! Осыған қоса, онсызда шиеленіскен оқиғаға үш бірдей шабадандар да қосылады... Шабадандардың бірі толған ақша болса, екіншісі - қымбат бұйымдарға толы, ал үшіншісі... әйелдің іш киімдеріне лық толы екен! Бір күннің ішінде осынау естен тандыратын оқиғаларды бастан кешірген Бертран ақыл-есін қалай сақтап қалуы керек?! Осылайша тыныш үй жындыханаға айналады...