Лукас Хаслермен орган кеші
«Dala Classic» музыкалық агенттігі ұсынады:
2023 жылы Қазақстанға алғаш рет келген бұл орындаушы тыңдарманның зор ықыласына бөленген еді. 2024 жылы 26 маусымда Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының сахнасында аустриялық танымал әрі дарынды жұлдыз, органшы, композитор, халықаралық сайыстардың лауреаты – Лукас Хаслер жаңа концерттік бағдарламасын ұсынады.
Концерт бағдарламасы:
Флоренс Б. Прайс (1887–1953)
- Органға арналған соната №1
Камиль Сен-Санс (1835–1921)
- Фантазия ми-бемоль, no. 1
Феликс Мендельсон Бартольди (1809-1847)
- Соната №4, си-бемоль мажор, шығ. 65/4
Иоганн Себастьян Бах (1685-1750)
- Хордағы кіріспе «Allein Gott in der Höh sei Ehr», BWV 662
- Пассакалия және фуга до минор, BWV 582
- Хордағы кіріспе «Smücke dich, oliebe Seele», BWV 654
Леон Бёлльман (1862–1897)
- Готикалық сюита, ор. 25
*ұйымдастырушы концерт бағдарламасына өзгерістер енгізуге құқылы
Лукас Хаслер – аустриялық органшы әрі композитор.
Бала жастан фортепианода ойнауды үйренеді, бірақ көп ұзамай орган өнеріне назары ауады. Органда ойнау шеберлігін Грац (Аустрия) қаласындағы музыка және орындаушылық өнер университетінде (Улрих Вотердің сыныбында) шыңдайды. 2020 жылдан бастап бір жыл бойы Страсбургтегі (Франция) Жоғарғы музыка академиясында Иоганн Вехоның тәлімгерлігінде оқиды. Лукас Хаслер АҚШ, Германия, Франция, Израиль, Ұлыбритания, Ресей, Украина және т.б. елдердің соборлары мен концерт залдарында өнер көрсетіп, белсенді концерттік қызмет атқарып келеді.
Лукас сонымен бірге «Prima la Musica» музыкалық конкурсының бірнеше дүркін жеңімпазы атанады, 2019 жылы Мальтадағы халықаралық конкурста «Grand Prix» иемденді. 2014 жылы Иоганн Себастьян Бах шығармаларын үздік интерпретациялағаны үшін «Hochbegabte Jungmusiker» санатындағы Штирия мемлекеттік марапатына ие болды. Бір жылдан соң «Jugend komponiert» («Жастар туындысы») конкурсының финалисі атанып, өз сюиталарымен көрермен жүрегіне жол тапты. Лукас Хаслер Жан Гийо, Тон Коопман, Людгер Ломанн және Скип Семпе секілді көрнекті қайраткерлердің шеберлік сабақтарына қатысқан.