Афиша спорта в Усть-Каменогорске

Органный вечер с Лукасом Хаслером

Өтетін орны: Алматы қ., Қалдаяқов к-сі, 35, Қазақ мемлекеттік филармониясы. Жамбыл

Күні: 22 ақпан 2023

Басталуы: 19:00

Суретшілер: Лукас Хаслер

Тұрақ: 

Жас шектеуі: 6+

Қосымша:

 

 

 

 

Қазақстанда алғаш рет австриялық талантты органшы әрі композитор, халықаралық байқаулардың лауреаты Лукас Хаслер өнер көрсетеді.

Лектор – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының профессоры Ғабит Несіпбаев.

 

Концерттің бағдарламасы:

Иоганн Себастьян Бах (1685-1750) –Прелюдия және фуга Ми-бемоль мажор, BWV 552
Иоганн Себастьян Бах (1685-1750) – «Schmücke dich o liebe Seele» хоралы, BWV 654
Вольфганг Амадей Моцарт (1756-1791) –Соната соль мажор, KV 283   (Л.Хаслердің өңдеуінде)
Allegro
Andante
Presto
Людвиг ван Бетховен (1770-1827) –№ 14 фортепианоға арналған соната, до-диез минор, ор. 27, № 2 («Лунная») (Л. Хаслердің өңдеуінде)
Феликс Мендельсон-Бартольди (1809–1847) – Органға арналған № 3 соната, ля мажор, соч. 65/3
Con moto maestoso
Andante tranquillo
Луи Лефебюр-Вели (1817–1869) –органға арналған концерттік болеро, ор. 166
Ги Бове (*1942) – «Hambourger Totentanz» үш прелюдиясы
Иоганн Себастьян Бах (1685-1750) – Прелюдия және фуга Ре мажор, BWV 532

*ұйымдастырушы бағдарламаға өзгерістер енгізуге құқылы

 

Лукас Хаслер австриялық органшы әрі композитор.

Бала кезінен фортепианода үйрене бастаған, кейіннен өз назарын органға аударған. Орган шеберлігін Австрияның Грац қаласында орналасқан өнер және орындау шеберлігі университетінде тәмәмдаған (Улрих Вотер класында). 2020 жылы Францияның Страсбург қаласында орналасқан Жоғарғы музыка академиясында Иоганн Веходан тәлім алған. Лукас Хаслер белсенді концерттік қызмет жүргізуде, ол АҚШ, Франция, Израиль, Ұлыбритании, Ресей, Украина және т.б. елдерде өнер көрсетуде.

Сондай-ақ Лукас «Prima la Musica» байқауының бірнеше мәрте жеңімпазы, 2019 жылы Мальтада өткен байқаудың «Grand Prix» иегері. 2014 жылы Иоганн Себастьян Бахтың шығармаларын ең үздік өңдеген орындаушы ретінде «Hochbegabte Jungmusiker» категориясында Штирий атындағы мемлекеттік сыйлыққа ие болған. Бір жылдан соң «Jugend komponiert» атты байқауда финалға шығып, өз сюиталарымен көрерменді таң қалдырды. Лукас Хаслер  Жан Гийо, Тон Коопман, Людгер Ломанн и Скип Семпе сынды көрнекті орындаушылар мен ұстаздардың шеберлік-кластарына қатысқа