Подарочный сертификат

Онегин

«ЖІБЕК ЖОЛЫ» ІІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ

«ЕВГЕНИЙ ОНЕГИН»

Борис Эйфман балеті

2016 жылғы 14-15 қазан күндері «Жібек жолы» ІІІ халықаралық фестивалінің аясында «Астана Опера» МОБТ-да Борис Эйфманның Санкт-Петербург академиялық балет театры А.С.Пушкиннің романы бойынша, П.Чайковский мен А.Ситковецкий («Автограф» рок-группасы) музыкасына жазылған «Евгений Онегин» балетін ұсынады. Декорациялар авторы З.Марголин, костюмдерді жасаған П.Окунев пен О.Шаишмелашвили.

Борис Эйфманның есімі үнемі аса қызықты шығармашылық ізденістермен, классикалық шығармаларға деген өзіндік батыл көзқарасымен байланыстырылады. Хореограф қазіргі заманғы балет үлгісі мен мазмұнын жаңғыртып, байытады.

«Евгений Онегин» қойылымы – А.С. Пушкиннің поэтикалық романы бойынша жасалған хореографиялық нұсқа. Бұл балетте Эйфман классика мен бүгінгі күнді біріктірген. Аумалы-төкпелі дәуірді бастарынан өткерген «Евгений Онегиннің» кейіпкерлері ғасырлар тоғысында өмір сүретін, заманауи қаһармандарға айналған. Петр Чайковскийдің шығармалары мен композитор Александр Ситковецкийдің рок-музыкасы үйлесуі көрермендерге хореограф ойына терең бойлауға мүмкіндік береді.

«Евгений Онегин» балеті көрермендерге романның оқиға желісін заманауи адам көзімен көруге мүмкіндік береді.

Елордалық көрермен «Евгений Онегин» спектаклін Борис Эйфманның Санкт-Петербург мемлекеттік академиялық балет театры әртістерінің орындауында тамашалайды. Айта кетсек, Б. Эйфманның «Роден» балеті «Астана Опера» балетінің солистері мен әртістерінің тамаша орындаунда үш маусым бойы сахналанып келеді.

Басты кейіпкерлер және орындаушылар:

Онегин – Олег ГАБЫШЕВ, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, РФ Президенті сыйлығы, «Алтын Маска», «Алтын Софит» сыйлықтарының лауреаты

Татьяна – Мария АБАШОВА, халықаралық байқаулардың лауреаты, «Алтын Маска», «Алтын Софит» сыйлықтарының лауреаты

Ленский – Дмитрий ФИШЕР, РФ Президенті сыйлығы, «Алтын Софит» сыйлықтарының лауреаты

Ольга – Наталья ПОВОРОЗНЮК

«Генерал» – Сергей ВОЛОБУЕВ, РФ Президенті сыйлығының лауреаты

 

Ұзақтығы – 2 сағат

 

Дирекция өзіне орындаушыларды ауыстыру құқығын қалдырады