Оң қол

Оң қол, Театр им. М. АуэзоваАвтор: Т. Әбдік

Сахналық нұсқасын жасаған: Қ. Мұрат

Қоюшы-режиссер: А. Шарипов

Қоюшы-суретші: К. Түстікбаев

Режиссердің ассистенті: Ш. Пірназаров

Режиссердің көмекшісі: А. Қабдешова

Жанры: хоррор драма

Ұзақтығы:

Жас санаты: 16+

 

 

 

Жазушы Т. Әбдіктің «Оң қол» пьесасының оқиға желісі адам мен қоғам, адам мен əлеумет қатынасын əрдайым басты назарда ұстайды. Əрқилы тағдыр иелері өздерінің арман-мұңымен, қасірет-қайғысымен, қуаныш-ренішімен бой көрсетеді. Осы қатардағы қарапайым жандардың қоңыр тіршілігінің өзінен заман шындығын, уақыт бедерін танып, таразылауға тырысасың.

«Оң қол» қойылымындағы басты кейіпкер — Алманың бойындағы үздіксіз жүріп жатқан процес, үрей мен қорқыныш, өмір мен өлім арасындағы арпалыс, жан толғанысы кеңінен суреттелген. Алма ұйқыға ене бастаса-ақ алқымына ұмтылатын оң қолдың опасыздық əрекеті тұқым қуалаған қауіпті сырқатымен күресі заманаға берген бағасы, шығарған үкімі.

Жалпы, жазушы күнделікті өмірдегі пихологиялық  кейіпкерлерді көрсете отырып, заманымыздың ауқымды шиеленістерін, философиялық тұрғыдан саралаған.