Оқжетпес

(С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасы негізіндегі драмалық баллада)

Көкшетау маржаны Бурабайдың ғажайып көріністері туралы көптеген аңыздар мен әңгімелер қалыптасқан. С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасы бойынша біздің жерлесіміз О.Жанайдаров «Оқжетпес» пьесасын жазды.

Осындай ғажап аңыздардың бірі жас қалмақ сұлуы туралы баяндап, былай дейді: «Абылай хан қалмақтарға шапқыншылық жасап, әскерімен жорықтан қайтқан кезде, сарбаздары жорықтан алынған байлықтарды бөлісіп жатып, бұл қазыналардың арасында он жеті жасар, көркемдігін сөзбен айтып жеткізбес қалмақтың сұлуы да болыпты. Сарбаздардың әрқайсысы бұл аруды өзіне әйелдікке алғысы келген екен. Хан қызға өз жарын өзі таңдасын деп, қызға еріп берді. Алайда қыздың шын сүйген адамы туған жерінде қалған екен, сондықтан оның бөгде біреудің жары атанғысы келмепті. Биік жартастың үстіне мініп, қыз орамаланын жартастың төбесіне байлап, мынандай талап қояды: «Кімде-кім осы орамалға жебемен дәлдеп атса, соның жары атанамын», - депті. Алайда қыздың талабын ешкім орындай алпамты, ешбір жебе қыз тұрған биікке жете алмай, орамалды атып түсіре алмаған екен. Үмітін жоғалтқан байқұс қыз жартастан секіріп, ажал құшады. Осы Оқжетпестің тұсында Бурабай орналасқан. Қыз құлаған дәл сол жерде ерекше пішінді жартас пайда болып, ол жартасты халық Жұмбақтас деп атапты».

Қоюшы-режиссер - «Мәдениет саласының үздігі» Ольга Луцива

Қоюшы-суретші - Наталья Менщикова

Музыкалық рәсімдеу - Владимир Овчинников

Театр директоры - «ҚР еңбек сіңірген қайраткері» Б.Бахтыгереев

Бас режиссер - «Мәдениет саласының үздігі» О.Луцива

Актерлер: А. Красноштанов, А. Владимиров, А. Букреева, С. Тавгень, А. Радченко, М. Михеев