rebranding

Тартымды романс

«Тартымды романс»

концерті

«Астана Опера» Камералық залында «Тартымды романс» концерті өтеді.

Романс – бұл поэзия мен музыка сияқты қос өнер саласы ұштасқан біртұтас музыкалық жанр. Романс өрнегінде бақыт пен шабыт сезімдері, жан-дүние күйзелістері мен өмірден алған түрлі әсерлер орын алады. Ол жас талғамайды, оны жастар жағы да, аға ұрпақ та сүйіп тыңдайды. Романс бірде ертегіге, бірде драмаға, тіпті кейде детективке де (қатыгез романс) ұқсап жатады, сол себепті тыңдармандар оны ұнатады.

Романс классикалық камералық түрде – фортепиано немесе гитара сүйемелімен орындалады.

Бағдарламада: А. Алябьев, А. Варламов, П. Булахов, А. Гурилев, Е. Фоминнің көне романстары, орыс классиктері – М. Глинка, Н. Римский-Корсаков, П. Чайковскийдің шығармалары, сонымен қатар кинофильмдерден заманауи романстар шырқалады.

Концертке қатысушылар:

Елена Низамутдинова (сопрано)

Татьяна Вицинская (меццо-сопрано)

Байғали Момбеков (тенор), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Ескендір Әбжанов (баритон)

Алиби Асакаев (гитара)

 

Фортепиано партиясында – Раушан Бескемпірова

 

Ұзақтығы – 1 сағат 20 минут

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады