«Вивальди және Пьяццолламен бірге Жаңа жыл»

«Астана Опера» Жаңа жыл қарсаңында «Астана Опера» симфониялық оркестрінің бірінші скрипкасы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бағдат ӘБІЛХАНОВ пен театрдың Камералық оркестрінің қатысуымен «Вивальди және Пьяццолламен бірге Жаңа жыл» камералық музыка концертін ұсынады. Дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айдар АБЖАХАНОВ.

Музыканттар таңдауының италиялық барокко данышпанының музыкасына түсуі кездейсоқтық емес. Антонио Вивальди Еуропаның тамаша қаласы Венецияда дүниеге келді және өмірін сонда өткізді. XVII ғасырдың аяғында Вена да, Париж де Венециямен тайталаса алмайтын – ол көңіл көтеру мен ойын-сауық астанасы, мереке қаласы болатын.

Жылына екі рет бүкіл Еуропадан халық венециялық карнавалға ағылатын – балдар мен маскарадтардың шегі болмайтын, опера театрлары премьераларын бірінен кейін бірін қойып жатады, қала өмірі музыка ырғағымен сырғиды, адамдар көшелерде, алаңдарда әндетіп жүреді.

Міне, көпшілік сүйіп тыңдайтын А.Вивальдидің «Жыл мезгілдері» және А.Пьяццолланың «Буэнос-Айрестегі жыл мезгілдері» концерттер топтамалары тыңдармандарды жаңа жылдық мерекелік көңіл күйге бөлейді.

Келе жатқан Жаңа жыл құтты болсын!

БАҒДАРЛАМАДА:

1. Антонио Вивальди. «Жыл мезгілдері» концерттер топтамасы

(«Көктем», «Жаз», «Күз», «Қыс»)

2. Астор Пьяццолла. «Буэнос-Айрестегі жыл мезгілдері»

(«Күз», «Қыс», «Көктем», «Жаз»)

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Бағдат ӘБІЛХАНОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (скрипка)

«АСТАНА ОПЕРА» КАМЕРАЛЫҚ ОРКЕСТРІ

Дирижер – Айдар АБЖАХАНОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.