Scorpions в Алматы

«Жаңа жылдық конфетти»

«Жаңа жылдық конфетти»

«Астана Опера» театры балет студиясының тәрбиеленушілері көрермендерге «Жаңа жылдық конфетти» концертінде жарқын мерекелік бағдарлама ұсынады.

Балалар студиясы 2013 жылы құрылған. Онда өнерге ғашық, сахналық шеберлігі мен музыкалық қабілеті жоғары балалар тәлім алады. Театрдың балет студиясының тәрбиеленушілері эстетикалық тәрбие алып, әртістік қабілеттерін ұштайды, классикалық музыканың озық үлгілерімен танысады.

Балалар балет студиясының жетекшісі – қазақстандық балет әртістерін тәрбиелеген тамаша хореограф әрі педагог Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалия Исмаилқызы Бөрібаева.

Жас бишілер сахнаға театр суретшілері мен шеберлерінің концертке арнап жасаған әдемі балет пачкаларымен шығады.

Балалар балет студиясының тәрбиеленушілері П.Чайковский, Л.Минкус, А.Адан сынды композиторлардың музыкасына классикалық балеттерден хореографиялық нөмірлерді орындайды.

ОРЫНДАУШЫЛАР:

«Астана Опера» балалар балет студиясының тәрбиеленушілері

Балет студиясының жетекшісі әрі концерттің режиссері – Ғалия БӨРІБАЕВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Тәлімгер ұстаз – Бостан ҚОЖАБЕКОВ

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.