Nomad Inspiration
ПРЕМЬЕРА
Концерт
Nomad Inspiration
(«Астана Опера» балеті мен HasSak этно-фольклорлық тобының бірлескен жобасы)
«Астана Опера» балет труппасының танымал әрі көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп үлгерген HasSak этно-фольклорлық тобымен ынтымақтастығы жалғасуда. Концерт бағдарламасында жас дарынды хореограф әрі биші Сұлтанбек Ғұмардың HasSak тобы мен композитор Хамит Шанғалиевтің музыкасына жаңа жұмыстары бар.
Мультиаспапшы музыканттар бөлек те, театрдың симфониялық оркестрімен бірге де өз композицияларын орындайды.
Бұл жоба да көрермендердің жүрегінен орын табатынына сенімдіміз.
«Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі – Алтынай АСЫЛМҰРАТОВА, Ресейдің халық әртісі.
«АСТАНА ОПЕРА» БАЛЕТ ӘРТІСТЕРІ МЕН СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ, HASSAK ЭТНО-ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ТОБЫ
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:
