ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Қала тандау
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
New Vision Forum

New Vision Forum

Сипаттама

Құрметті қонақтар, барлық билеттер екі күнге жарамды!

Пакеттер бағасы мен олардың ішіне кіретін қызметтер туралы ақпарат сипаттаманың соңында көрсетілген

Кәсіпкерлерге құбылмалы бизнес нарығының жағдайында тепе-теңдікті сақтау үшін қажетті құралдар, білім және нетворкинг ұсынатын Еуразияның ең ауқымды бизнес форумы.

New Vision Forum мақсаты кәсіпкерлер мен олардың кәсіптеріне технологиялар, бизнес, экономика және геосаясаттағы қарқынды өзгерістер дәуірінде даму үшін жаңа білім, құралдар мен байланыстарды ұсыну.

NEW VISION ФОРУМЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:

- ҚИЫНДЫҚТАР ДӘУІРІНДЕГІ КӨШБАСШЫЛЫҚ
- ДАҒДАРЫС УАҚЫТЫНДА ДАМУ
- ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ӘЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР
- ТҰРАҚТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДАМУ
- ДАМУДЫҢ ЖАҢА НҮКТЕЛЕРІ
- НӘТИЖЕЛЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУГЕ АРНАЛҒАН КОММУНИКАЦИЯЛАР
- ТИІМДІ САТУ

Форум спикерлері:

РИЧАРД БРЭНСОН - батыл идеялар мен экстремалды спорт түрлері алдында шегінбейтін әлемдегі ең экстравагантты және жарқын кәсіпкерлердің бірі.

Джефф Хоффман - Priceline.com/Booking.com-негізін қалаушы, uBid.com, электрондық коммерция саласындағы новатор, жаһандық кәсіпкер, миллиардтаған корпорациялардың бас директоры.

Аллан Пиз - Әлемдегі коммуникация және нетворкинг бойынша № 1 сарапшы. Бүкіл әлемге дене-қимыл тілінің шебері ретінде танымал.

ЖОЗЕ БАРРОЗУ - Көрнекті сарапшы, беделді саясаткер, әлемдегі пікір көшбасшыларының бірі, денсаулық сақтау, интеграция және экономикада өз ізін қалдырған әлемдік саясатқа жан-жақты үлес қосқан тұлға.

БРАЙАН ТРЕЙСИ - Бизнес-жаттықтырушы, коуч, лектор, тайм-менеджменттің тиімді әдістері, бизнес-білім беру, психология және сату саласындағы әлемге әйгілі консультант.

ДЖАГГИ ВАСУДЕВ (САДХГУРУ) - рухани көшбасшы, коуч, йога оқытушысы және бүкіл әлемдегі атақты адамдардың жалпыға сүйікті тұлғасы, өзінің нақты дөп түсетін сөздері мен үйреншікті емес кеңестерінің арқасында көптеген рухани тәжірибені ұстанушылар мен кәсіпкерлерге таныс.

ДЖЕССИКА КОКС - ынталандырушы спикер және лайф-коуч. Гиннес рекордының иегері, қолсын туылған, ұшақпен ұшып, көлік жүргізіп, аквалангпен сүңгиді және жекпе-жек өнер бойынша қара белдікке ие.

Бұл форумның әр түрлі спикерлерінің бір бөлігі ғана. Форумға қатысушылардың толық тізімі:

- Жозе Баррозу
- Дэвид Нильссен
- Джефф Хоффман
- Джессика Кокс
- Аллан Пиз
- Прасанна Санкар
- Ричард Брэнсон
- Винита Гупта
- Тимур Турлов
- Салим Исмаил
- Стюарт Лейси
- Арманжан Байтасов
- Голик Вячеслав
- Брайан Трейси
- Бобби Сейджер
- Айдын Рахимбаев
- Канат Копбаев
- Еркин Татишев
- Исламбек Салжанов

Спикерлердің сөз сөйлеуінен басқа, сіздерді әлемдік көшбасшылармен воркшоптар күтеді, атап айтқанда эксклюзивті мүмкіндік: YPO мүшелерімен кешкі ас!

Форумнан кейін жанды музыка, ерекше шоу-бағдарлама, тәтті тағамдар, коктейль бары ұсынылатын AFTERPARTY ұйымдастырылып, сондай-ақ кештің бас хэдлайнері болатын «Жасырын қонақ» өнер көрсетпек. Қонақ анонсы алдағы уақытта жарияланады.

Жан-жақты қызметтер қамтылған билеттердің бірнеше түрі бар:

Online 5 000 тг. Спикерлер сөз сөйлеуінің онлайн көрсетілімі;

Стандарт 50 000 тг. жалпы сектордағы орындар, қатысушы сертификаты, бизнес-көрмеге қолжетімділік;

Бизнес 150 000 тг. «Стандарт» топтамасының барлық артықшылықтары, партердегі орындар, жабық мастер-класстарына, спикерлердің презентацияларына қолжетімділік, жабық телеграм-чат;

ВИП 800 000 тг. «Бизнес» топтамасының барлық артықшылықтары, ВИП секторындағы орындар, ВИП лаундж (түскі ас, кешкі ас), Гала кешкі ас, ВИП Афтепати;

Платинум 1 800 000 тг. «VIP» топтамасының барлық артықшылықтары, спикерлермен кездесулер, әлемдік бизнес көшбасшыларымен воркшоптар.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Алматы қ., Достық даңғылы, 56, Республика сарайы

  • Өтетін күні

    28-29 маусым 2024

  • Басталуы

    09: 00

  • Ұзақтығы

    09:00 - 17:00

  • Жанр

    форум

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 28
    Маусым
    Жұм
    Дворец Республики.
    Зал
    бастап 5000
    бастап 5000