rebranding

Қазақквартет шақырады» топтамасы

2017 / 2018                 Камералық зал                      V маусым

7 маусым * бейсенбі * 19.00

«Қазақквартет шақырады» топтамасы»

Концерт

«Музыкалық сұхбат»

2018 жылдың 7 маусымында танымал ұжым – Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартетінің концерті өтеді.

Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті – «Астана Опера» театрындағы концерттердің тұрақты қатысушылары, әртістер осы маусымда да елорда қонақтары мен өздерінің айнымас тыңдармандарын жаңа өнер көрсетулерімен қуанту дәстүрін жалғастырады.

Музыкалық сұхбат концертінде композиторлар – классицист Йозеф Гайдн, романтиктер Франц Шуберт пен Роберт Шуманның шығармалары орындалып, ішекті аспаптар квартетінің музыканттары және керемет пианист Данияр Есімханов өнер көрсетеді.

 

БАҒДАРЛАМА:

  1. Й.Гайдн. №6 ішекті аспаптар квартеті, Ми-бемоль мажор, ор.76
  1. Allegretto
  2. Fantasia. Adagio
  3. Menuetto - Alternativo
  4. Finale. Allegro spirituoso

 

  1. Ф.Шуберт. №13 ішекті аспаптар квартеті, ля минор «Rosamunde» D 804, ор. 29
  1. Allegro ma non troppo
  2. Andante
  3. Menuetto – Allegretto – Trio
  4. Allegro moderato

 

  1. Р.Шуман. Фортепианолық квинтет, Ми-бемоль мажор, ор.44 

(Клара Шуманға арналған):

  1. Allegro brillante
  2. In modo d`una marcia. Un poco largamente - Agitato
  3. Scherzo. Molto vivace - Trio I - Trio II - L`istesso tempo
  4. Allegro, ma non troppo

 

Ішекті аспаптар квартетінің құрамы:

Айдар Тоқталиев (1-ші скрипка)

Алексей Лебедев (2-ші скрипка)

Бекзат Сайлаубайұлы (альт)

Ернар Мыңтаев (виолончель)

 

Данияр Есімханов (фортепиано)

 

Көркемдік жетекшіҚазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ернар Мыңтаев

 

Концерттің ұзақтығы – 1 сағат 20 минут

 

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады