Scorpions в Алматы

ВЕНАҒА МУЗЫКАЛЫҚ САЯХАТ

«ЖІБЕК ЖОЛЫ» ІІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ

ВЕНАҒА МУЗЫКАЛЫҚ САЯХАТ

8 қазанда «Жібек жолы» III Халықаралық фестивалінің аясында «Венаға музыкалық саяхат» атты концерт өтеді.

Астаналық көрермендер үшін театр әртістері шақырылған қонақтармен бірге Австрия астанасы өмірінің музыкалық қырын паш етеді. Әсіресе,  Венаға ерекеше әсемдік беретін, оның тарихы: кафе, көшелері мен пәтерлері, дүниежүзіне теңдесі жоқ әлемдік классика шедеврларын сыйлаған ұлы композиторлардың ғұмыр кешіп, еңбек еткен жерлерінің  атмосферасынан сыр шертіледі. Өнерпаздар көрермендер алдында Гайдн мен Моцарт, Шуберт пен Бетховен, сондай-ақ атақты Вена Операсына басшылық еткен Рихард Штраустың жыл мезгілдері картиналарын тарту етпек.

Кейбір шығармалар қазақстандық сахнада тұңғыш рет орындалатын болады. Концертте театрдың шақыруымен, неміс камералық музыкасының орындауда шебер, Еуропаға танымал Веналық пианист Штефан Матиас Ладеман өнер көрсетеді. Ол дуэтте Вена консерваториясының түлегі, «Астана Опера» театрының солисті, сопрано Мәдина Исламовамен бірге веналық композиторлардың ариялары мен романстарын орындайды.

«Венаға музыкалық саяхат» – бұл 2013 жылы австриялық астанада жүзеге асқан жоба жалғасы, ол кезде концерт Австрия мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастың 20-жылдығына арналып, қазақстандық елшіліктің қолдауымен өткізілген болатын.

Пианист Матиас Ладеманмен бірге белгілі австриялық музыкалық университет студенттері – сопрано Мәдина Исламова мен пианист Ернар Нұртазин (Линца қаласындағы Музыкалық университет) веналық композиторлардың музыкасын орындауда жоғары бағасын алды. Сол кезден осы бағдарламаны атамекенде, Қазақстанда беру идеясы туындайды.

Сондай-ақ аталмыш концертке «Астана Опера» солисті, Арменияның Халық әртісі Барсег Туманян (бас), халықаралық байқаулардың лауреаты Любовь Ткаченко (арфа) мен Александр Тараскин (флейта) қатысады.

Сонымен бірге Штефан Матиас Ладеман Астанада «Астана Опера» солистері мен концертмейстерлері үшін неміс камералық және опера музыкасы бойынша шеберлік сабақтарын өткізеді.

Концерте қатысатындар:

Штефан Матиас Ладеман (фортепиано, Австрия)

Мәдина Исламова (сопрано)

Ернар Нұртазин (фортепиано)

Барсег Туманян, Арменияның Халық әртісі (бас)

Любовь Ткаченко (арфа)

Александр Тараскин (флейта)

 

Бағдарламада:

Й.Гайдн, В.А.Моцарт, Ф.Шуберт, Г.Малер, Л.Бетховен, Р.Штраустың шығармалары.

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

 

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады