Scorpions в Алматы

2017 / 2018                    Камералық зал            V маусым

16 мамыр * cәрсенбі * 19.00

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖОБА

Концерт

«Қараңғыда шырқалатын музыка»

2018 жылдың 16 мамырында «Астана Опера» театрының Камералық залында «Қараңғыда шырқалатын музыка» атты бірегей қайырымдылық жобаның тұсауы кесілмек.

Әртістер тас қараңғыда өтетін қызықты музыкалық-поэзиялық бағдарлама ұсынады.

Сіздер өзгеше әрі батыл тәжірибенің куәсі боласыздар: музыка мен поэзия әлемін жаңаша сезіну үшін қараңғыға қадам басыңыз!

Қараңғыда өтетін концерттер музыканы, қоршаған ортаны, таныс адамдар мен өзіңді қабылдаудағы қалыптасқан түйсіктерді өзгертеді. Қараңғылық қиялдау мен елестетудің жұмысын жеделдетеді. Сіздер музыканы естіп қана қоймай, сондай-ақ оны «көре аласыздар».

Жобаға «Астана Опера» театрының опера солистері мен оркестр әртістері, сонымен бірге зағип кәсіби музыканттар қатысып, классик композиторлар мен ұлттық авторлардың туындыларын орындайды. Концертте өлең жолдары да оқылады.

Жобаның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жастардың мәселелеріне көңіл бөлу. Концерттен түскен қаражаттар «Свет в темноте» корпоративтік қорына аударылады.

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Батыржан СМАҚОВ (контртенор)

Руслан БАШАЕВ (баритон)

Азамат ТЕМІРБАЕВ (баритон)

Зынхар АХМЕТБЕК (скрипка)

Рақымжан БАСПАЕВ (виолончель)

Махамбет ЖАРҒАҚОВ (контрабас)

Александр ТАРАСКИН (флейта)

Константин СТРИГИН (баян)

Раушан БЕСКЕМПІРОВА (фортепиано)

Жанар СЕЙІТХАНОВА (фортепиано)

 

Бағдарламада классик композиторлардың вокалдық әрі аспаптық туындылары және заманауи авторлардың композициялары

 

Концерттің ұзақтығы – 1 сағат 15 минут

 

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады