rebranding

«Шекарасыз музыка»

Ресей Елшілігі, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының қолдауымен

Санкт-Петерборлық Музыка үйі және

Қазақстан Республикасындағы Ресей ынтымақтастығы өкілдігі

Концерт

«Шекарасыз музыка»

Танымал ресейлік және қазақстандық музыканттардың орындауындағы опералық-симфониялық концертте классик композиторлардың туындылары шырқалады.

Санкт-Петерборлық Музыка үйі 2006 жылдың ақпанында ашылған. Қызмет аясы – академиялық музыка: классикалық музыка өнерін дамыту, орындаушылық дәстүрлерді сақтау және ресейлік жас музыканттарды халықаралық байқауларға дайындау.

Жоба бастамашысы әрі оның көркемдік жетекшісі – виолончелист, дирижер, Ресейдің Халық әртісі, профессор Сергей Ролдугин.

Концертке халықаралық байқаулардың жеңімпазы, соның ішінде П.Чайковский атындағы XV халықаралық байқаудың лауреаты, Санкт-Петерборлық Музыка үйінің солисі (2008–2012), «Звезды XXI века» Мәскеу филармониясы бағдарламасының қатысушысы Павел Милюков (скрипка), «Астана Опера» театрының жетекші солистері – «Культура» телеарнасындағы «Большая опера» халықаралық телевизиялық жобасының жеңімпаздары (2014 және 2023 жж.) – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Салтанат Ахметова (сопрано), Дінмұхамед Көшкінбаев (баритон) және «Астана Опера» театрының симфониялық оркестрі қатысады. Дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдин.

 

БАҒДАРЛАМА:

Т.Қажығалиев. «Қыз қуу» симфониялық күйі

Дж.Россини. «Семирамида» операсынан Семирамиданың ариясы

П.Чайковский. Оркестр мен виолончельге арналған рококо тақырыбындағы вариациялар, ля мажор, оp. 33.

Қазақтың халық әні «Япурай» (А.Зацепиннің өңдеуі)

Д.Шостакович. Оркестр мен скрипкаға арналған №1 концерт, ля минор, op.77

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Сергей РОЛДУГИН, Ресейдің Халық әртісі (виолончель)

Павел МИЛЮКОВ, халықаралық байқаулардың лауреаты (скрипка)

 

«Россия К» телеарнасындағы «Большая опера» халықаралық телевизиялық жобасының жеңімпаздары –

Салтанат АХМЕТОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (сопрано),

Дінмұхамед КӨШКІНБАЕВ, халықаралық байқаулардың лауреаты (баритон)

 

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ

Дирижер – Абзал МҰХИТДИН, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.