Барокко музыкасы
Барокко дәуірі... Салтанатты сәулет, таңғажайып өрнектер және содан бір мысқал да кем түспейтін қанық та сырбаз музыка. Өткен заманның жаңғырығына құлақ түріп, бірнеше ғасырға кейін шегінуге, барокко дәуірінің концертінің сырына бойлауға дайынсыз ба?
«Dala Classic» сізді өткен заманның кешіне, көненің қойнауына сіңген Барокко дәуірінің музыка кешіне шақырады. Барокко музыкалық мәдениеті көркем де ұсқынсыз дүниені, трагедия мен комедияны қатар қамтиды. Ренессанстың табиғи көркін алмастырған «бұрыс сұлулық» Барокко дәуірінің «трендіне» айналған. Бірақ дәл осындай қайшылықтардың арқасында дүние жүзі А.Вивальди, Дж.Перголези, Г.Ф.Гендель, Ф.Куперн, Ж.Ф.Рамо және тағы басқалар секілді композиторлардың есімін таныды. Барокко дәуірінің тәжі әрі шырқау шегі И.С.Бах пен Г.Гендель шығармашылығы болды.
Барокко дәуірінің музыкасы – сазгерлік символдардың құпия сырлары мен музыкалық шығармалардың ғажайып образдары.
Концерт орындаушылары:
“Viles nobiles” барокко музыкасының ансамблі
дирижері – Қанат Омаров
солистер:
Анжела Шагарова | сопрано,
Эмиль Сакавов | баритон
Бағдарламада:
А.Вивальди, трио соната op.1 №12 «La Follia»
Г.Ф.Гендель:
- «Ринальдо» операсынан увертюра
- «Альцина» операсынан Альцинаның ариясы «Torna mi a vagheggiar»
- «Ринальдо» операсынан Альмиренаның ариясы «Lascia ch'io pianga»
- «Иуда Макавей» ораториясынан Симонның ариясы «I feel the Deity within»
- «Ксеркс» операсынан Ксеркстің ариясы «Ombra mai fù»
Ж.Ф.Рамо:
- музыкалық-лирикалық «Дардан» трагедиясындағы аспаптық интерлюдия және менуэт
- «Thétis» кантатасынан речитатив және «Partez, volez, brillants eclairs» ариясы (Фетида), RCT 28
- «Кастор мен Поллукс» операсынан Телаираның ариясы «Tristes apprets»
- «Les Sauvages»
- «Үндістан сабаздары» опера-балетінен Қыс пен Адарио дуэті
*ұйымдастырушы бағдарлама мен орындаушылар құрамына өзгеріс енгізуге құқылы