Жан-жақты Россини
Жаңа жылдық мерекелердің алғашқы күндерінде оркестрдің бас дирижері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алан Бөрібаевтың жетекшілігімен «Астана Опера» театрының симфониялық оркестрі көңілді әрі шаттыққа бөлейтін музыка – ұлы италиялық опера композиторы Джоаккино Россинидің музыкасынан тұратын концертті ұсынады.
Алайда бұл жолы «жан-жақты» Россини болмақ. Ол «Күлбике», «Севильдік шаштараз», «Италиядағы түрік» пен «Алжирдегі италиялық қыз» комедиялық опералардың авторы. Сонымен қатар «Вильгельм Телль» батырлық-патриоттық операсы және Дева Марияның қайғы-қасіреті туралы зарлы Stabat Mater де қаламгерге тиесілі...
Оркестр мен солистердің орындауында А.С.Пушкин «тәнті ететін Россини» деп атаған ұлы маэстроның операларынан ариялар, дуэттер мен көріністер шырқалады.
ОРЫНДАУШЫЛАР:
Салтанат АХМЕТОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (сопрано)
Айзада ҚАПОНОВА, «Құрмет» орденінің кавалері (сопрано)
Мадина ИСЛАМОВА (сопрано)
Гүлдана АЛДАДОСОВА (сопрано)
Татьяна ВИЦИНСКАЯ (меццо-сопрано)
Салтанат МҰРАТБЕКОВА (меццо-сопрано)
Артур ГАБДИЕВ (тенор)
Әлихан ЗЕЙНОЛЛА (тенор)
Алтынбек ӘБІЛДА (баритон)
Ержан САИПОВ (баритон)
Шыңғыс РАСЫЛХАН (бас)
Лейла АЛАМАНОВА (сопрано)
Сұлтан БАҚЫТЖАН (баритон)
«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ
Жобаның дирижері әрі авторы – Алан БӨРІБАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.