2019 / 2020 Камералық зал VII маусым
27 қараша * сәрсенбі * 19.00
Концерт
«Сол бір сәт»
Төлеген Мұхамеджановтың шығармашылық кеші
Композитор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің кавалері, профессор Төлеген Мұхамеджановтың музыкалық шығармаларын «Сол бір сәт» концертінде халықаралық байқаулардың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Амир Тебенихин ұсынбақ.
Төлеген Мұхамеджанов – симфониялар, опералар, музыкалық комедиялар, ішекті аспаптар квартеттері, симфониялық шығармалар, Абай өлеңдеріне жазылған вокалдық топтамалар, романстар, әндер, кино мен театрға арналған музыкалардың авторы.
Француз жазушысы Андре Моруа: «Ең керемет сәттер әрдайым мұңға толы. Олардың қас қағым өте шығатынын түсінесің, тіпті тоқтатқың келеді, бірақ бұл мүмкін емес», – деп атап өткен. Танымал қазақстандық композитор Төлеген Мұхамеджановтың фортепианолық шығармашылығымен таныса отырып, өмір – қолға ұстатпайтын сәттерден құралғанына, қас-қағым көңіл-күй мен әсерлердің тізбегі екендігіне көз жеткізуге болады. Оның фортепианоға арналған пьесалары «сәттердің ұштасуы» ретінде қабылданады. Осылайша, фортепианолық миниатюралардың алғашқы жинағы «Сол бір сәт» атауына ие және оған 17 пьеса енген.
Амир Тебенихин – соңғы жылдары Ганноверде (Германия) тұрып, жиі концерт беретін Қазақстанның ең жарқын пианистерінің бірі, ол туған жерімен байланысты үзбей, отандық музыкалық өнерді белсенді насихаттауда. «Мен – Қазақстанның азаматымын, әлемнің концерттік алаңдарында, фестивальдерде, классикалық музыка форумдары мен байқауларында елімізді таныстырып жүргеніме қуаныштымын...».
БАҒДАРЛАМА :
«Сол бір сәт» фортепианоға арналған топтамасы:
1.Таңсәрі
2.Естелік
3.Вальс
4.Ностальгия
5.Түңілу
6.Күзгі вальс
7.Арнау
8.Кеш
9.Күз
10.Шаттану
11.Күннің батуы
12.Наздану
13.Нәзіктік
14.Сөзсіз ән
15.Медитация
16.Айырылысу
17.Ымырт
18.Дала
«Сүйікті әндер мен әуендер» ноталық басылым жинағынан пьесалар:
«Балалық шақ»
«Махаббат бекеті»
«Махаббат әуендері»
Солист – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Амир ТЕБЕНИХИН (фортепиано)
Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут
Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады