ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВЕНА КЛАССИКАСЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ Бесінші концерт
2022 / 2023 Күләш Байсейітова атындағы Камералық зал Х маусым
7 ақпан * сейсенбі * 19:00
«АСТАНА ОПЕРА» ҰСЫНАДЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ВЕНА КЛАССИКАСЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ
Бесінші концерт
«Астана Опера» театры музыка сүйер қауым назарына симфониялық концерттер сериясын ұсынады, бағдарламаға веналық классиктер Й.Гайдн, В.А.Моцарт, Л.Бетховеннің шығармалары енді. Ең танымал симфониялар, скрипка, виолончель, гобой мен фортепианоға арналған концерттер шырқалады.
Сондай-ақ Камералық хор мен опера солистері Моцарттың «Реквиемін» орындайды.
Фестивальге Моңғолия, Жапония, Эстония, Израиль, Қазақстанның дирижерлері қатысады. Жоба авторы, дирижері әрі фестивальдің көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдин.
БАҒДАРЛАМА
К. М. фон Вебер. «Вольный стрелок» увертюрасы, op.77
Й.Гайдн. № 104 симфония ре мажор
Й.Гайдн. Оркестр мен виолончельге арналған концерт, до мажор
ОРЫНДАУШЫЛАР
Солист – Дәулет Шәкіров, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (виолончель)
«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ
Дирижер – Коки Гонгуй Янг (Жапония–Қытай)
Коки Гонгуй Янг (Koki Gonghui Yang)
Жапонияның Токио қаласында дүниеге келген. Ұзақ уақыт Қытайда тұрған. Бейжіңде Орталық музыка консерваториясы жанындағы Орта мектепті скрипка сыныбы бойынша тамамдаған.
Вена музыка және орындаушылық өнер университетін бітіріп, симфониялық оркестр дирижері мамандығын алған. Еуропада қытай халық музыкасын насихаттай отырып, ұлттық қытай оркестрінде өнер көрсетеді. Симфониялық камералық оркестрге жетекшілік етеді. Әйгілі дирижерлердің көптеген шеберлік сабақтарына қатысқан.
Скрипка, фортепиано, органда ойнайды; әлемнің көптеген театрларында, оның ішінде Венаның атақты Концерт залында өнер көрсетеді.