Мен сені сағындым

Мен сені сағындым

Өткізу орны: Ақмола областық мәдениет басқармасы Шахмет Құсайынов атындағы областық қазақ музыкалық-драма театры

Спектакльдің авторы: Александр Володин
 
Премьера күні: 
27.02.2019 г.

Қоюшы Режиссер: Болат Абдрахманов

Актерлар: Жанар Құсайынова, Маржан Бөкешова, Еркебұлан Төлеуов, Ғалия Қорабаева, Ержан Әубәкіров

Жанр: Драма-ностальгия

Ұзақтығы: 1 сағат 50 минут

Жас шектеуі: 16+

Қосымша: 

 

 

Қойылымның негізгі өзегі, бүгінгі күнде белең алған ерлі-зайыптылардың ажырасу мәселесі.  Пьесадағы кейіпкерлер әр түрлі себеппен  сотқа шағымданады. Былай алып қарасаң ешқайсысынанда ақ некені аяқ асты етіп, екі бөлек кететіндей бәлендей үлкен мәселе байқамайсыз. Бірақ қырандай қырағы көзбен шолып қарасаңыз, қоғамда қордаланған, көзге көріне бермейтін түйткілді жағдайлар жетерлік екенін аңғара аласыз. 

Қойылым барысында, шаңырақты сақтайтын жалғыз нәрсе, махаббат пен парасат екенін түйсінесіз. Махаббат бар жерде мөлдірлік, тазалық шынайылық болары сөзсіз. Олар  бар болғаны бір-бірінен жан дүниенің үндестігін іздейді.