rebranding

Армандар орындалады

«Армандар орындалады»

концерті

Тамыздың тамаша кешінде «Астана Опера» театрында «Армандар орындалады» концерті өтеді. Танымал виолончелист Эльдар Сапараев Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған музыкалық мектептегі сыныптас-достарымен бірлесіп, театрдың камералық залында өнер көрсетеді. Олардың барлығы өнер әлемінде өз орны бар кәсіби музыканттар. Жақын достар Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарына өнерлерін тарту етіп, өзара бірлескен музыкаларымен бөліспек.

Бағдарламада: камералық-аспаптық музыка шедеврлері. Сондай-ақ, жас композитор Ақмарал Қажығалиеваның осы концертке арнайы жазылған шығармасы орындалады.

Концертке қатысушы симфониялық оркестр әртістері:

Қаламқас Жұмабаева (скрипка)

Эльвира Мұхамбетова (скрипка)

Баян Рақымова (скрипка)

Александр Тараскин (флейта)

Марат Қонысбаев (валторна)

Виталий Сиротин (валторна)

Гауһар Тасбергенова (фортепиано)

Әлібек Әлпиев (фортепиано)

 

Арнайы қонақтар:

Бақыт Бижанов (скрипка)

Ержан Ахметжанов (скрипка)

Ермек Құрманаев (виолончель)

 

Жоба жетекшісі – Эльдар Сапараев (виолончель)

Жүргізуші – Маржан Жәкенова

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

 

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады