Манон
Жюль Массне
«Манон»
3 бөлімді балет
Хореография және либретто авторы – Кеннет МАКМИЛЛАН
Аббат Превоның «Кавалер де Грие мен Манон Леско оқиғасы» романы бойынша
• Өтетін орны: «Астана Опера» театрының үлкен залы
• Күні мен уақыты: 27, 28 ақпан 2020 ж. / бейсенбі, жұма / 19:00
• Ұзақтығы: 2 сағат 30 минут (екі үзіліспен)
• Жас шектеуі: 16+
• Қосымша: залға үшінші қоңыраудан кейін кіруге, фото және бейне түсірілім жасауға, 16 жастан кіші балалармен спектакльге келуге тыйым салынады.
* * * * *
ҚОЙЫЛЫМДЫҚ ТОП
Оркестрге өңдеген, аранжировка жасаған – Мартин Йетс
Декорациялар және костюмдер бойынша суретші – Николас Георгиадис
Қоюшы балетмейстерлер – Карл Бёрнетт / Патрисия Руанн
Қоюшы дирижер – Арман Оразғалиев
Декорациялар бойынша үйлестіруші – Чинциа Ло Фацио
Костюмдер жөніндегі үйлестірушілер – Наталия Стюарт / Арасель Досмұратова
Жарық бойынша суретші – Якопо Пантани
Балет труппасының көркемдік жетекшісі – Алтынай Асылмұратова, Ресейдің Халық әртісі
1974 жылы Макмиллан осы балетті қойғысы келген кезде лондондық Ковент-Гарден театрының репертуарында Джакомо Пуччинидің «Манон Леско» операсы бар болатын, сондықтан оған Жюль Массненің осы аттас операсының партитурасын алуға кеңес беріледі. Нәтижесінде, балет партитурасы композитордың түрлі шығармаларынан құрастырылған, соның ішінде 13 опера, екі оратория, оркестрлік шығармаларының фрагменттері, сондай-ақ әндері мен фортепианолық туындылары бар. Балет музыкасын жинақтап, өңдеген – Дягилев бастаған «Орыс маусымдарының» бұрынғы бишісі, дирижер әрі композитор Лейтон Лукас, оған балет концертмейстері Хильда Гонт көмектескен (2011 жылы партитураны дирижер Мартин Йейтс қайта оркестрге бейімдеп, өңдеген). Сценография мен костюмдердің авторы Николас Георгиадиас болды.
Макмилланға бірбеткей Манон ұнайды, ол балетке өз бойына тән психологиялық көзқарасы мен өзінің кедей балалық шағы туралы жеке естеліктерін қосады. Макмиллан өз кейіпкерін «кедей болудан қорқатын қыз сияқты емес, кедей болуға намыстанатын қыз ретінде сипаттайды. Сол уақытта кедейшілік ұзақ, баяу өлімге тең болатын». Макмилланның досы – суретші және сценограф Николас Георгиадис революция қарсаңындағы француз қоғамының сән-салтанаты мен рухани құлдырауы арасындағы тұрақсыз жағдайды бейнелей отырып, осы идеяны көрсетті (балет көрінісі XVIII ғасырдың соңына ауыстырылған). Макмилланның ғажайып хореографиясы Париж бен Жаңа Орлеанның айқын да жанды суреттерін жасап шығарды. Алайда, негізгі энергетикалық қуат Манон мен де Гриенің ынтызар па-де-де биінен көрініс табқан – дәл осы көрініс барлық трагедиялық оқиғаны дамытып, «Манонды» Макмилланның ең ғажайып драмасының біріне айналдырды.
Манон партиясында Линн Сеймур, Наталия Макарова, Сильви Гиллем, Алтынай Асылмұратова, Диана Вишнева және басқа балет өнерінің жарық жұлдыздары жарқырай өнер көрсеткен.
БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР МЕН ОРЫНДАУШЫЛАР
Манон – Әйгерім Бекетаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (27.02) /
Әлия Танықбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Венгр ұлттық балетінің этуалі (28.02)
Де Грие – Олжас Тарланов (27.02) /
Дмитрий Тимофеев, Венгр ұлттық балетінің этуалі (28.02)
Леско – Арман Оразов
Лесконың көңілдесі – Әнел Рүстемова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Г.М. мырза – Жәнібек Иманқұлов
Қарт мырза – Руслан Темірбеков
Қарауыл басшысы – Олжас Маханбетәлиев
Мадам – Әсел Кенжебекова
Дирекция өзіне орындаушыларды ауыстыру құқығын қалдырады